Талғар ауданындағы Гүлдала ауылында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде атом электр станцияларының артықшылықтары, экономикалық тиімділігі және елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қосатын үлесі талқыланды.
«АЭС салу – бұл елдің энергетикалық жүйесін жаңғырту және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. АЭС-тің заманауи қауіпсіздік жүйелері апаттар мен радиациялық қауіптерді барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деді Халықтық штаб мүшесі Айдар Саматұлы.
Ауыл тұрғындары атом электр станцияларының экологиялық артықшылықтары мен экономикалық тиімділігі туралы толық ақпарат алып, жобаның болашағына қолдау білдірді.