Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет үйіндегі №123 сайлау учаскесінде Алтын адам бейнесінде киінген азамат дауыс берді. Ол ауданымыздағы белсенді азамат – Жасұлан Сейдазимов. Қазақстан археологиясының тарихында көптеген таңғажайып мұра бар, солардың бірі – Алматы облысында табылған «Алтын адам».
Ал Еңбекшіқазақ ауданы сол “Алтын адамның” атамекені. «Бүгін елімізде тарихи шешім қабылданып жатыр. Бұл әрине барлығымыздың болашағымызға қатысты маңызды шешім. Сондықтан бұл келелі шешімде туған топырағымыздың өткен тарихы мен ондағы өркениет ізін жаңғыртқым келді. Әрине мен бұны өздік азаматтық ұстаным білдірудің ерекше тәсілі дер едім. Мен қашанда қоғамды өзгерту мен елімізді өркендетуге бағытталған шешімдерге белсене үн қатып келемін», – дейді кәсіпкер Жасұлан Сейдазимов.