-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

    18.10.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Әлеуметтік кодекстің мәні

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі елімізде 2005 жылы енгізілді. Бүгінгі күні Қор халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз етіп келеді. Негізгі бағыт – халыққа төленетін әлеуметтік төлемдер.

    Мәселен, аталмыш қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріске, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және кірісті алмастыру коэффициенттеріне байланысты белгіленеді екен.

    Асыраушысынан айырылған отбасы үшінде қор көмек қолы созады. Төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды жалғастырған жағдайда 23 жасқа дейін жүзеге асырылады. Алда –жалда жұмысыңыздан айырылып қалған болсаңыз да тиісті әлеуметтік төлемге қол жеткізуіге болады.
    «Қордан жұмысынан айырылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы адам Мансап орталығында заңға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады», – дейді «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директорының орынбасары Ерғанат Абдрахимов.
    Сонымен қатар, қор арқылы Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына байланысты және бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем төленуі тиіс.
    Әлеуметтік төлемдерді дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы да, egov.kz, enbek.kz. электронды түрде де, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары немесе Отбасының цифрлық картасының дерекқоры шеңберінде sms-келісім арқылы да алуға болады.
    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6,4 млн-ға жуық жұмыс істейтін азамат қатысады және жыл сайын 1,2 млн. аса адам Қордан әлеуметтік төлемдер алады. 2005 жылдан бастап Қордан жалпы сомасы шамамен 4,2 трлн теңгеге төлемдер төленді, оның ішінде Алматы облысы бойынша 370,6 млрд теңге бөлінді.
    2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шамамен 1,2 млн. адам жалпы сомасы 699,1 млрд. теңгеге Қордан әлеуметтік төлемдер алды, оның ішінде Алматы облысынан Қордан 87 418 адамға 46,2 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

    Ұсынымдар

    Сарбаз болу – әр жігітке жарасады

    Сарбаз болу – әр жігітке жарасады

    2 years ago
    Қазақ киносының корифейі

    Қазақ киносының корифейі

    1 year ago
    Қалдықты энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді?

    Қалдықты энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді?

    7 months ago
    Қызмет сапасы –  басты назарда

    Қызмет сапасы – басты назарда

    5 months ago
    Облыста төселген жолдарда олқылық көп

    Облыста төселген жолдарда олқылық көп

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.