-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Батырдың сағаты

    19.10.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Батырдың сағаты
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

          Шелек тарихи-өлкетану музейінде өткеннен сыр шертетін жәдігерлер аз емес. Соның бірі – Кеңес одағының Батыры Төле Кенжебаев пайдаланған үстел сағаты. Оған қараған сайын, сұрапыл жылдардағы атамыздың ерлік жолы еске түседі.

    Төле Таскентбайұлы 1902 жылы қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, 60-гвардиялық атты әскер полкі 1-эскадронының (Орталық майдан, 61-армия, 7-гвардиялық атты әскер корпусы, 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы) жауынгері атанды. Төле Кенжебаев 1943 жылы 27 қыркүйекте Нивки деревнясы маңындағы Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өткен. Борап тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі салды Кеңес әскері тұрған жағалауға жеткізіп, жауынгерлердің арғы бетке өтуін қамтамасыз етеді. Ол жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін жер жастандырып, бір офицерін тұтқынға алған. Төле атамыз сияқты ержүрек ерлердің арқасында Кеңес әскері Днепрдегі ұрыста жеңіске жетті. Сол үшін Төле Кенжебаевқа Кеңес одағының Батыры атағы берілді.
    Соғыстан кейін аман-есен туған жеріне оралып, «Авангард» ұжымшарының жылқы фермасында еңбек етті. 1988 жылы 86 жасында қайтыс болды. Музейдегі үстел сағатын Батыр атамыз «Авангард» ұжымшарында тұрғанда пайдаланған екен. Биыл сол жәдігерді ұлы Дәулет Кенжебаев музейге табыс етті.

    Қуанәлі АЛМАСБЕКҰЛЫ,
    Шелек тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

    Ұсынымдар

    Таза бейсенбі: Іле ауданының 70-тен астам тұрғыны экологиялық акцияға қатысты

    Таза бейсенбі: Іле ауданының 70-тен астам тұрғыны экологиялық акцияға қатысты

    2 weeks ago
    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    3 months ago
    Облыста қызылша дерті дендеп тұр

    Облыста қызылша дерті дендеп тұр

    1 year ago
    Еңбек еткеннің еңсесі биік

    Еңбек еткеннің еңсесі биік

    6 months ago
    Baron Food – біздің бренд

    Baron Food – біздің бренд

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>