-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Біртуар тұлғаның биік тұғыры

    11.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мерейтой
    Біртуар тұлғаның биік тұғыры
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында  жазушының еңселі ескерткіші бой көтерген болатын. Аспантаудың аясы, Хантәңірі баурайында өзі туып өскен мекенімен қайта қауышқан Бердібек Соқпақбаев бейнесі оның  тұғырлы тұлғасын ғана танытып қоймай, жұртшылықтың жүрегіне шаттықтан шуақ септі.

     Өмір атты кенересі көкжиекпен астасқан айдында өз кемесін таланттан соғып, желкенін жігермен көтеріп, қарапайымдылықтың қақ төріне шығып, ел үшін еткен еңбек ең абыройлы құндылық екенін ұғып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан  қаламгерді ұлықтап, бейнесін жұрт жүрегінде жаңғырту мақсатында бой көтерген ескерткішке халық оң бағасын беріп, ақжарма тілегін арнауда.

    Шығармашылығында өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін көз алдыға айнытпай келтіріп, заманның ақиқатын дәл кескіндеп,  келеңсіз кей сәттерді жүрек сыздата суреттеп, ел өмірінің эпизодтарын қағазға кестелеген айтулы тұлғаның тұғыртасын өзінен айнытпай, оның бар болмысын ашып, қайсар да қайтпас рухты  мінезін бедерлеген шеберлердің де еңбегі ерен. Осы орайда жазушының бейнесін сомдаған мүсіншілерді сөз етуді жөн көрдік. Олар ­– Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхамбетов.

    Жазушының 100 жылдығына орай Қонаев қаласында көрнекті тұлғаның ескерткішін жасау үшін мүсіншілер арасында конкурс ұйымдастырылған. Бердібектің бейнесін ғана емес, болмысын да айнытпай сомдау қажеттігі алға тартылды. Байқауға  республикалық, халықаралық дәрежеде танымал 6 мүсінші қатысып, соның ішінен мәні бөлек, мағынасы басым 3 жоба таңдалып, мемлекеттік комиссияға ұсынылған. Нәтижесінде Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхамбетовтің жобасына қазылар алқасы жоғары баға беріп, оларға жауапкершілігі зор жұмысты сеніп тапсырады.

    Біз өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарған мүсіншінің бірі Айдос Бүркітбаевпен тілдесіп, ескерткішке ерекше жан бітіруінің себебін сұрадық.

    Балалар әдебиетінің бәйтерегін сомдау оларға соншалықты қиындық тудырмаған. Өйткені мүсіншілер жазушының кітаптарын бала кезден құмарта оқып өскен. Тұлғаның бейнесін сомдау барысында шығармадан алған сол әсері көмегін тигізіпті. Сонымен қатар қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева да ақыл-кеңесін айтып, оларға қолдау білдірген. Бердібектің фотолары да, қаламгердің көзін көрген туыстарының әңгімелері де сәулет өнерінің айрықша шығуына себеп болған.

    Айдос Бүркітбаев – Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тумасы. Ол Бердібек атасының кітаптарын жата-жастана оқып, классик жазушының шығармаларынан шабыт алғанды ұнатады. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының мектебін, одан кейін жоғарғы оқу орнын бітірген Тимур мен Айдос көптеген тарихи тұлғалардың мүсінін сомдауға қатысып, талмай еңбек етіп келеді. Қазақстан ғана емес, шет мемлекеттерде де үлкен жобаларды қолға алып,  шеберліктерін паш етуде. Анкарада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының болмысын ашқан еңселі ескерткішін өнерсүйер қауым жоғары бағалаған. Алдағы уақытта да қос мүсіншінің қолынан шыққан өнер туындылары бой көтере бермек.

    Мүсіншілер материалы қоладан, тұғыры мәрмардан жасалған Бердібек Соқпақбаевтың ескерткішін екі айдың ішінде толық аяқтап шыққан. Оң қолына бас киімі мен шапанын, сол қолына кітабын ұстап кең далада еркін тыныстап, туған жермен тілдесіп, халқымен үндескен көркем бейне ешкімді бейжай қалдырмайды. Кіндік қаны тамған Қостөбесіне, қанатын қақтырған Нарынқолына перзенттік сезіммен сүйсіне қарап тұрғандай. Ескерткіш – жазушыға деген халық құрметінің белгісіндей сезіліп, көрушілерді әдемі әсерге бөлейді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Туризмге құйылатын инвестиция көлемі артады

    Туризмге құйылатын инвестиция көлемі артады

    1 year ago
    Емханаға тіркелу науқаны басталды

    Емханаға тіркелу науқаны басталды

    2 years ago
    Үздік оқытушылар анықталды

    Үздік оқытушылар анықталды

    4 days ago
    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    2 years ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>