-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі өтті

    01.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі өтті
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназияда «JasREPUBLIC CUP» оқушылар арасындағы ашық пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі өтті. Биыл алғаш рет өткізіліп тұрған шараны «Respublica» партиясы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Ozgerteam» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты – жастардың зияткерлік қабілетін жетілдіру, оқушыларды білімге, тапқырлыққа, шешендік өнерге баулу, пікірсайысшы жастарды қолдау және саяси сауатын арттыру, жас ұрпақты бірлік пен тұтастыққа ұйыстыра отырып, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ тың идеяларды айтуға бейімдеу.

    Шараның ашылу рәсімінде «Respublica» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Жарас Ниязбек, облыстық білім басқармасы өзін-өзі басқару бөлімінің аға әдіскері Айнұр Асбаева және облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Еламан Төлепберген қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

    – Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші, еліміздің болашағы. Шара өзара тәжірибе және пікір алмасу үшін, қоғамдағы өткір мәселелерді зерттеп, олардың шешу жолдары бойынша тың идеяларды ортаға салу үшін ұйымдастырылды. Партия жақсы ұсыныстарды назарға алады. Аталған іс-шараның негізгі өзегі де осы, – деді Жарас Ергөбекұлы.

    Пікірсайысқа қатысушылар «Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында ойларын ортаға салып, сынға түсті. Жарыс қазақ және орыс тілдерінде өтті. Алдымен үш айналымда бақтарын сынап, жартылай финалға жолдама алды, топ жарған үздіктер финалда ой ұшқырлығын көрсетті.

    Қатысушылардың бірі Айым Шапағат дебат ойындарына екі жылдай қатысып, тәжірибе жинап келеді. «Пікірсайыс көпшілік алдында өз ойыңды еркін жеткізуге үйретеді. Әлемде болып жатқан жаңалықтарды назарда ұстап, өзіндік пікіріңнің қалыптасуына әсер етеді. Бір фракцияда үш спикер ойнайды. Біріншісі тақырыпты ашады, екіншісі агруметтермен дәлелдесе, үшінші спикер қорытындылайды. Қазіргі таңда еліміздің экологиялық ахуалы, әділетті, қауіпсіз ел болуы – басты назарда. Бүгінгі пікірсайыста АЭС-ке, Қазақстанның дамуы мен экономикасына қатысты маңызды тақырыптар көтерілді», – деді ол.

    Жарыс нәтижесінде қазақ лигасы бойынша 1-орынды орта мектеп-гимназияның оқушылары – Фариза Неғметолла, Еркежан Құрманжан және Арнай Түркістан еншіледі. Олар – «Oidariya» дебат клубының мүшелері. Орыс лигасы бойынша «Эпицентр» фракциясының намысын қорғаған – Аружан Дауленова, Айгерім Ернарқызы және Аяулым Асылхан үздік шықты. Сондай-ақ Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп оқушысы Балжан Абилова мен орта мектеп гимназияның шәкірті Аружан Дауленова «Үздік спикер» атанды. Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және бестселлер кітаптармен марапатталды. Жүлдегерлер 25 қазан – Республика күніне орай Астана қаласында өтетін мектеп оқушылары арасындағы тұңғыш ұлттық пікірсайыс турниріне облыс атынан қатысатын болады.

     

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізіледі

    2 years ago
    Өмір жолы – өнеге

    Өмір жолы – өнеге

    2 months ago
    Технократтар тәлімгері

    Технократтар тәлімгері

    4 months ago
    Ізгілік мерекесі

    Ізгілік мерекесі

    1 year ago
    «Басты міндет – ауылдың әлеуетін арттыру» – Әкім

    «Басты міндет – ауылдың әлеуетін арттыру» – Әкім

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.