-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Кітап – сарқылмас қазына

    24.10.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Кітап – сарқылмас  қазына
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

           Кітапханашылар күні – мәдениет пен білімге қызмет ететін, кітап әлемінің қыр-сырын ашатын, рухани байлықтың сақшыларына арналған мереке. Бұл күн – кітапхана ісінің қоғамдағы орнын және ондағы қызметкерлердің еңбегін дәріптейтін мерейлі сәт. Осыған орай Қонаев қаласында салтанатты жиын өтті.

    Шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев облыс әкімі Марат Елеусізұлының құттықтауын жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді. Еңбегімен ерекшеленген кітапханашылар аймақ басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қоса, бірқатар қызметкер Кітапхана ісінің үздігі және Қазақстанның құрметті кітапханашысы атанды. Ал саланы ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан жандарға «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісі табысталды.
    – Кітапханашылар күні – білімге, мәдениетке, тарихқа деген құрметтің белгісі. Олар қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оны рухани байытады. Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Қоғамның дамуында, жастарды тәрбиелеуде, мәдениетімізді сақтауда атқарып жатқан игі істеріңізге сәттілік тілеймін. Келер жылы облыс орталығында заманауи кітапхана бой көтеретін болады. Мұнан өзге де кітапханалардың материалдық-техникалық базасының нығаюына жағдай жасалады, – деді Данияр Әлиев.
    Шара аясында облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген бірқатар ақын-жазушылардың жанры мен жазылу ерекшелігі әрқилы 15 кітаптың таныстырылымы өтті. Облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев пен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхтархан Қалиұлы жаңа кітаптардың тұсауын кесті. Өз кезегінде Қуат Сұлтанұлы кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, өңір руханиятына үлес қосып жүрген жандарға шығармашылық табыс тіледі.
    Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Кітапханашылар бас қосқан салтанатты жиында сөз алған қаламгердің қызы Самал ­Соқпақбаева мерейтойға барынша қолдау көрсеткен облыс әкімдігі мен зиялы қауым өкілдеріне алғыс айтты. Тыңнан оқырман қауымға жол тартқан кітаптар арасында әдебиетіміздің классигі Бердібек Соқпақбаевтың көп томдығы, Мереке Құлкенов, ­Исраил Сапарбай, Жанболат Аупбаев, ­Жақыпжан Нұрғожаев сынды елге танымал авторлардың еңбектері бар.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Дән егіп, терлеген

    Дән егіп, терлеген

    1 year ago
    Сәукеленің сәні мен сыры

    Сәукеленің сәні мен сыры

    12 months ago
    123 мың адамға тұмауға қарсы вакцина салынды

    Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы екпе алды

    7 months ago
    Аймақ дамуына жаңа серпін

    Аймақ дамуына жаңа серпін

    3 months ago
    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.