-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ күресінен облыстық турнир өтті

    10.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қазақ күресінен облыстық турнир өтті
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    9-10 қазан күндері Жетісу облысының Сарқан қаласында қазақ күресінен Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының қызметкерлері арасында турнир өтті. Жарысты аталмыш орталық ұйымдастырып отыр. Орталық қызметкерлері Жетісу өңірінде өтетін түрлі деңгейдегі жарыстардың басы-қасында жүреді. Басшылар ұйғарымымен өз қызметкерлеріне де көңіл бөліп, мамандар арасында да спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. Ондағы мақсат – көпшілікті бұқаралық спортқа баулу. Әрі орталық қызметкерлерін де спорт сайыстарынан тысқары қалдырмау. Қазақ күресінен ұйымдастырылған алғашқы жарыс Сарқан қаласында өтті. Оның өзіндік себебі де бар. Әлемдік деңгейде ел намысын қорғаған Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев және басқа да палуандардың кіндік қаны осы өңірде кесілген. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне аудан әкімдігі де қол ұшын берді. Салтанатты ашылу рәсімі жергілікті биші қыздардық ұлттық нақыштағы билерімен басталды. Турнир аудан әкімінің орынбасары Алмас Байғұнысовтың құттықтау сөзімен басталды.

    – Кеңес Одағы кезінде көптеген сарқандық палуандар халықаралық жарыстарда абыройлы өнер көрсетті. Қазіргі таңда аға буынның ізбасарлары да көптеп саналады. Осы жарысты Сарқан қаласында өткізуге шешім қабылдаған облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Рүстем Қалиев мырзаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз,- деді, Алмас Ажарханұлы.

    Орталық қызметкерлері арасында құрыш білекті палуандар аз еместігін осы турнир барысында байқадық. Кілем үстіне шыққан әрбір қызметкер “жеңіске” деген құштарлықтарын көрсетті. Күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгермесе де, қара күшпен қарсыластарын қапыда қалтырған жігіттер де аз болған жоқ. Талдықорған қаласынан келген Ермек Құрманғалиев “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясын жеңіп алды. Ол Садыр деген лақап атпен белдесті.

    Турнирдің үшінші жүлдесі екі палуанға берілді. Оның біріне НАЙМАН лақап атымен кілемге шыққан Сарқан ауданының спорт нұсқаушысы Нұржан Бекмолданов иеленсе, екіншісі БАРЫС лақап атымен белдескен Ескелді ауданының спорт нұсқаушысы Диас Орынбасарға бұйырды. Турнирде белдесулерін ӘШІКЕН өткізген Қаратал ауданының спорт нұсқаушысы Арай Дюсекенов екінші орынға көтерілді. Арай сондай-ақ турнирдің “алып” палуаны атанды. Ал, барлық белдесулерін сәтті өткізген кербұлақтық палуан Дидар Жанпейісов турнир жеңімпазы атанды. Оған Облыстық бұқаралық-спорттық іс шаралар өткізу орталығы дайындаған “Чемпиондық белбеу” табыс етілді.

    Осылайша, облыстық бұқаралық-спорттық іс шаралар орталығы мұрындық болып өткізген алғашқы турнир өз мәресіне жетті. Алдағы уақыттарда спорттың басқа түрлерінен де жарыстар өткізу жоспарланып отыр.

    Алуа Оспанжан, 

    Сарқан ауданы, 

    Жетісу облысы

    Ұсынымдар

    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    1 year ago
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    1 year ago
    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    2 years ago
    Кітап – ең құнды сыйлық

    Тиімді серіктестік

    4 weeks ago
    Елдігімнің белгісі

    Рәміздерім ұлтымның құндылығы

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.