-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Құс фабрикасының қарқыны жоғары

    14.10.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Құс фабрикасының қарқыны жоғары
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Еліміздегі ең үлкен құс фабрикасының бірі Ұйғыр ауданында орналасқан. Мұнда сағатына 6000 бас тауық сойылып, тәулігіне 45-50 мың бас құс еліміздің түкпір-түкпіріндегі сату орындарына жөнелтіледі. Айына 1000-1200 тонна құс етін өндіретін «Прима құс» 2022 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Ең алғашқы өнімін 2023 жылдың наурыз айында халыққа ұсынды. Міне, содан бері қарқынды жұмыс істеп жатқан фабриканың тыныс-тіршілігімен жуырда танысып қайттық.

    Ұйғыр ауданының Рахат елдімекеніне жақын орналасқан құс фабрикасы бүгінгі күнде 537 гектар аумақты алып жатыр. Заманауи өндірісте Нидерланды, Германия, Чехия, Польша, Бельгия, Дания және басқа еуропа елдерінің заманауи жабдықтары қолданылады. Мұнда 24 құс қорасы бар. Бір қораның өзінде 50 мың балапан өсіп жетіледі. Олардың күнделікті тамағы мен қажетті дәрумендерін беріп, қадағалайтын мамандар да жеткілікті. Тіпті фабрика басшылығы шетелдік мамандарды тартып, жергілікті азаматтарды арнайы оқытқан. Бүгінде құс фабрикасында 564 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Олардың көпшілігі – аудан тұрғындары.
    Фабрикаға кірген бетте тәртіп пен тазалықтың басты орында екенін ұғынуға болады. Сырттан келген әр азамат арнайы дезинфекциялау құрылғылары арқылы өтіп, ішке ене алады. Ал кейбір блоктарға тіпті арнайы киімдермен ғана кіруге рұқсат. Оған себеп – құстардың вирустарды жұқтыруға бейім болатыны. Қандай да бір инфекция келсе, мыңдаған құс әп-сәтте ауруға ұшырайды. Ал ол фабрика үшін үлкен шығын болмақ. Осыны түсіндірген құс фабрикасының басшылығы бізді бастап фабриканың тыныс-тіршілігімен, ондағы өнімдер түрімен таныстырды. Жылына 20 миллион жұмыртқаны басып шығаруға қауқары бар инкубатор, 50 мың балапан орналасқан құс қораларын бейнекамерадан тамашаладық.
    Таңғаларлығы да сол, мұнда балапандарды өсіру кәсіпорынның заманауи күркелерінде жүзеге асырылады. Мұнда Еуропада қабылданған және өнеркәсіптік өндірістің табиғи және сапалы тәсілі болып саналатын едендік жүйе қолданылады.
    Ауданнан барған арнайы қонақтарды фабрика басшылығы бастап, сою цехына кіргізді. Бұл жер екі алаңға бөлінеді екен. Бірі сою алаңы болса, екіншісі – сойылған құстарды арнайы қаптарға буып-түю алаңы. Барлық жерде қызу жұмыс жүруде. Негізінен ауыр жұмыстың барлығы техниканың, арнайы құрылғылардың көмегімен жасалуда. Дамылсыз жұмыс үстінде жүрген жұмысшылармен де тілдеуге мүмкіндік туды. Рахат ауылының тұрғыны Гүлмейрам Жолдасбаеваның бұл құс фабрикасында жұмыс істегеніне жылға жуықтапты. Еттерді сұрыптайтын Гүлмейрам 200 мыңнан аса жалақы алатынын жеткізді. Тіпті кей кездері істеген жұмысының көлеміне қарай одан да көп болуы ықтимал екен. Рахат ауылынан арнайы тасымалдайтын көлікпен келеді. Түскі астарын да жұмыс орындары қамтамасыз етеді. Жұмыстарының да өте қиын еместігін, алып отырған жалақысына да қанағаттанатынын айтып қалды. Әрине, жұмыстарына қарай жұмысшылардың жалақысы да әртүрлі. Мұндағы орташа жалақы – 311 мың теңгені құрайды екен.
    Фабрикада тауық еті бөлшектеніп, әртүрлі қаптамаларға салынады. «Chickodelli» брендімен шығатын бройлердің ұшасы, сүбесі, төс, сан, сирақ еті, жамбасы, санның жұмсақ еті, қанаты, қанаттың иық, шынтақ бөлігі, тіпті бауыры мен жүрегі, мойны, асқазаны да қапталып, сауда орындарына жөнелтіледі. Сондай-ақ түрлі шұжықтар, наггетстер де тауық етінен дайындалып, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне эспортталады. Алдағы мақсат – Ресей нарығына шығу.
    «Прима Құс» ЖШС бүгінгі күні құрылыстың екінші кезеңін жүргізуде. Оны осы жылы аяқтау жоспарланған. Мұнда тағы да 12 құс күркесі, құрама жем зауытының алаңы, 2 бидай сақтау ангары, инкубатор, сою цехы мен ет өңдеу құрылғысы орналаспақ. Яғни өндіріс көлемі де еселеп артпақ. Бұл құрылыс бөлігі іске қосылған жағдайда «Прима құс» фабрикасында тірі салмақта ет өндіру 100 пайызға ұлғайып, 35 мың тоннаға жетпек. Сонымен қатар алдағы уақытта құрылыстың үшінші кезеңін бастау жоспарда тұр. Осылайша жылына тауық етін өндіруді 70 мың тоннаға жеткізуді көздеп отырған фабрика қызметкерлері мемлекеттің де түрлі жеңілдігі мен берілетін субсидиясына қол жеткізгендерін айтып, ол үшін алғыстары шексіз екенін бідірді.
    Экологиялық таза аймақта, бірегей бренд қалыптастырып, өнім өндіріп отырған «Прима құс» фабрикасының алдағы күндерге жоспары орасан. Тәжірибелі және біліктілігі жоғары мамандармен қамтылған өндіріс орны тек Қазақстан емес, алыс жақын шетелге де экспортқа шығып, ел экономикасын көтеруге атсалыспақ. Қазіргі күннің өзінде «Chickodelli» брендімен еліміздің түкпір-түкпірінде фирмалық дүкендер саны артып келеді. Заманауи технологияларды биоқауіпсіздік пен экологиялық талаптарды сақтаумен, инновациялық энергия үнемдейтін жабдықтарды қолданумен ұштастырып, өнімнің сапасының жоғары әрі табиғи болуын қамтамасыз етіп отырған фабриканың жұмысы өңірдің аграрлық секторының дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    11 months ago
    Сайлауға “барыс” келді

    Сайлауға “барыс” келді

    2 years ago
    Ардагерлер құрметке бөленді

    Ардагерлер құрметке бөленді

    1 year ago
    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    9 months ago
    Ел ертеңі – жастар

    Ел ертеңі – жастар

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.