Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Іле ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Іле ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

130 қаралым

Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында мамандар көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау, масаға қарсы торларға сүйенудің қауіптілігі және арнайы терезе бекіткіштерін пайдаланудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Практикалық жұмыстар аясында тұрғын үйлерге арнайы терезе бекіткіштері орнатылып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері қамтылған бейнероликтер мен ақпараттық материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар таратылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балаларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

↑