-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Салт-дәстүр салтанаты

    14.10.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Салт-дәстүр салтанаты
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданында «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық аудандар мен қалалардың Мәдениет күні кең көлемде аталып өтті. Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл байқаудың мәдениет саласында алар орны ерекше.

    Былтыр аталған байқауда облыста бірінші орынды иеленген Еңбекшіқазақ ауданы бұл жолы да ауқымды саладағы жетістіктерін көрсетіп, ата-бабадан жалғасып келе жатқан тарихи құндылықтарды ортаға салды. Қонақтарды ауданның дәстүрлі әншілері мен «Алтын адам» әжелер ансамблі ән мен күйден шашу шашып қарсы алды. Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің алдында тігілген он екі қанат киіз үйге кірген көпшілік қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сан түрлі өрнек пен бояумен көмкерілген киіз үйдің баулары мен құрлары, тұскиіз бен текемет, сандық пен кебежедегі ою-өрнек ұлт мәдениетінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әдемі көрінісін көрсетіп-ақ тұр. Ал алаңдағы сахнада «Жастар» драма театры мен «Қаракемер» балалар театрының бірлескен жұмысы – «Абылай хан» қойылымы көрерменді тарих қойнауына бойлатты. Әділ қазылар ары қарай аудан аумағында орналасқан этномәдени бірлестіктердің алаңда қаз-қатар тігілген шаңырақтарына бас сұқты. Әрқайсысы өз мәдениеті мен салт-дәстүрінен, ұлттық құндылықтарынан сыр шертер рухани қазынасын таныстырды.
    Мәдениет күні жиналған жұртшылық көкпар мен аударыспақты тамашалады. Бозкілемде қазақ күресінен сынға түскен балуандар жұртты жігерлендірсе, құралайды көзге атқан мергендерді көрген көпшілік садақ атуға кезекке тұрды. Ұлттық ойындар – асық ату, арқан тартыс, алтыбақан, бестас пен тоғызқұмалақ та ешкімді бейжай қалдырмады. Спорттың әр түрінен биыл жетістікке жетіп, мойнына алтын мен күмістен, қоладан алқа таққан алаңдағы жеткіншектердің үлкен тобы ауданның айбынды, жігерлі жастарының көп екенін көрсетті.
    Материалдық мәдениеттің үлкен бір бөлшегі – қолөнер. Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген шеберлердің өлшеусіз еңбегі ұлттық ерекшеліктерімізді паш етіп, сан ғасырлық өнердің тізбегін үзбей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Әр ою мен өрнектің мән-мағынасын терең ашып, олардың әрқайсысын өз орнымен қолданып жүрген аудан қолөнершілері де жәрмеңке жасап, тұрғындар мен қонақтарға бірегей бұйымдарын ұсынды. Атбегілік, құсбегілік өнерді дамытуға үлкен үлес қосып отырған «Жеті қазына» орталығы қызметкерлері қолдарына қыранын қондырып, иттің төресі – тазыларын да ерте келіпті.
    Ұлттық бұйымдар, тарихи жәдігерлерін жиналған қауымға көрсету үшін көрме ұйымдастыраған музейлердің жұмысы да қонақтар тарапынан жоғары бағаланды. Бүгінде ауданда 4 музей бар. Рухани қазына ордасы – кітапханалар ауданнан шыққан тұлғалар жайында жинақтаған мәліметімен бөлісіп, кітап көрмесін ұйымдастырды. Еңбекшіқазақ ауданында барлығы 22 кітапхана оқырманға қалтықсыз қызмет көрсетіп келеді.
    Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің ішінде сәулетші, этнодизайнер Құрманғазы Қадыровтың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақтың суырыпсалма ерекше өнері – айтыстың әдемі үлгісі көрсетіліп, аға буын мен жас буын жыр шумақтарын өрді. Бұдан кейін аудандағы мәдениет пен спорт саласында атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктер жайында қысқа бейнематериал көпшілікке ұсынылды.
    Шараның салтанатты бөлімінде сөз алған аудан әкімі Талғат Байеділов: «Мәдениет – ел өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан салт-дәстүріміздің жиынтығы мен руханиятымыздың келбеті, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің негізі, барша құндылықтарымыздың бастауы, асыл мұрамыз», – дей келе аудан тұрғындары мен қонақтарды «Ауылым – алтын бесігім» атты Мәдениет күнімен құттықтады. Өз кезегінде Алматы облысы халық шығармашылығы орталығының директоры Әнуар Үмбеталиев бұл байқаудың өңірлерде мәдениет ошақтарының, шығармашылық бірлестіктердің жұмысын жандандырып, сала қызметкерлеріне жаңа серпін беретінін тілге тиек етті.
    Халықтық ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен аудандық Мәдениет үйінің әншісі Бауыржан Қаңтарбай «Қыз Жібек» туындысынан «Шеге ариясын» орындап, іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
    Алатаудың етегі, сақ пен ғұнның мекені, Бақай тауынан басталып, Қараш тауына жетіп шектелетін, асқар шыңдары аспанмен астасқан, қойнауы қазыналы, шежіре-тарихы тереңнен бастау алатын Еңбекшіқазақ ауданы – мәдениеттің бай ошағы. Ауданымыздан Тұманбай Молдағалиев, Дәркембай Шоқпарұлы, Айша Ғалымбаева, Шәрбану Құмарова, Тоқтасын Әбілезов, Кұддыс Кожамияров, Естеу Нүсіпбеков, Гүлвира Тұрсынқызы, Хизмет Абдуллин, Әлібек Нұрқожа, Кеңес Алпысбаев, Тұрлығазы Шаяхметов сынды нар тұлғалардың шығуы да – үлкен мәртебе. Ардақты аталар мен асыл әжелер салып кеткен даңғыл жолды жалғар рухты, өнерлі де жігерлі жастар барда ауданымыздың мәдениеті әрдайым биік болары сөзсіз. «Өнер – ұлттың өзегі» десек, өзектің өміршең болуы өз қолымызда.

    Құралай Мұратқызы,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

     Оралымды ойлар, парасатты пайымдар…

     Оралымды ойлар, парасатты пайымдар…

    5 months ago
    Белсенділік маңызды

    Белсенділік маңызды

    9 months ago
    Табиғат –  ортақ байлығымыз

    Газеттің тірегі – оқырман

    8 months ago
    29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

    29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

    2 years ago
    Жебе ұштары табылды

    Жебе ұштары табылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.