-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақтастық кеңейеді

    19.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Үкімет
    Ынтымақтастық кеңейеді
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

          Аймақ басшысы алдымен Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен жүздесті. Ол осынау маңызды қызметті 2021 жылы сәуір айынан бері атқарып келеді. Екі ел арасындағы достық қарым-қаты­нас­тың дамып жатқанын атап өткен Джун Ямада жуырда өзінің қызметтік мінде­ті­нің аяқталатынын хабардар етті. Сондай-ақ жаңадан тағайындалатын Елшінің Жапония мен Алматы облысы арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыс­ты жандандыра түсетініне сендірді.
    Келесі кезекте Марат Елеусізұлы Эстонияның Елшісі Яап Орамен кездесті. Басқосу барысында екіжақты байланысты нығайтуға қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Екі тарап та бірқатар салалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін аңғартты.
    Яап Ора мырза бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы көлемі жағынан кіші республиканың бірі болған Эстония Алматы облысынан жер көлемі мен халық саны жөнінен екі есе кіші екеніне назар аударды. Облыстың тоғыз жолдың торабында орналасуы өңір әлеуетінің артуына септігін тигізетініне сенімді екенін білдірді.
    Өз кезегінде Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының облыс орталығы мәртебесін иеленгеніне 2 жылдан асқанын, халықтың 84 пайызы ауылдық жерде тұратынын және тағы басқа қолға алынған жұмыстар жайын тілге тиек етті. Облыс басшысы Қонаев пен Алатау қалаларын дамыту бағытындағы жобаларды кеңінен әңгімелеп, дипломаттардың өңірге деген қызығушылықтарын жоғары бағалады.
    Кездесуде ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта бизнес, білім сияқты маңызды салалар бойынша қарым-қатынас орнату жайы сөз болды. Алматы облысы мен аталған мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және аграрлы аймаққа инвестиция тартудың тиімділігі жан-жақты талқыланды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Саябақ ашылды

    Саябақ ашылды

    12 months ago
    Қонаевта «Mузей-fest 2023 Қонаев city» фестивалі өтті

    Қонаевта «Mузей-fest 2023 Қонаев city» фестивалі өтті

    2 years ago
    Заңсыз саудамен күрес

    Заңсыз саудамен күрес

    10 months ago
    Шуаққа толы күндер

    Шуаққа толы күндер

    6 months ago
    Асық ойнаған азбайды

    Асық ойнаған азбайды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>