Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Көлік-логистика әлеуетін жаңа деңгейге көтеру – уақыт талабы

Көлік-логистика әлеуетін жаңа деңгейге көтеру – уақыт талабы

41 қаралым

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақстанның географиялық орналасуы – Еуразияның орталығы, ал Алматы облысы – «шығысқа ашылған қақпа» ретінде халықаралық дәліздердің түйіні болып отыр. Сондықтан өңірдегі жол-көлік инфрақұрылымының дамуы – тек аймақ үшін ғана емес, жалпы еліміздің экономикасы, инвестициялық тартымдылығы және халықтың тұрмыс сапасы үшін шешуші мәнге ие.


Жоғарыда аталған жобалар іске асқан жағдайда халықтың өмір сапасы жақсарады, жол-көлік оқиғалары азаяды, облыстың инвестициялық тартымдылығы артады, жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары көбейеді. Транзиттік әлеует еселеніп, Қазақстанның халықаралық беделі нығаяды.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының арқасында транзит саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстан – Азия мен Еуропаны байланыстыратын табиғи көпір. Егер бұл мүмкіндікті толық пайдаланатын болсақ, транзит ел экономикасына мұнайдан да көп табыс әкелуі мүмкін. Оның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – тек аймақтың ғана емес, бүкіл елдің болашағына қосқан үлес. Халық облыстың осы бағыттағы қадамдарын жоғары бағалап отыр. Дамушы қоғамға білімді де білікті, нарықтық экономикаға бейімді, өз кәсібін қадірлей алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты кәсіби мамандарды дайындап шығару – бүгінгі күннің басты мақсаты. Біз – ауылшаруашылығын негіз еткен өңірміз, сонымен қоса «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойында орыналасқанбыз. Сол себепті көлік-логистика саласын саласына қатысты жас манадарға білім беріп жатырмыз. Сондықтан алдағы уақытта еңбегіміз нәтижелі болып, Алматы облысы еліміздің дамуына тірек бола береріне сенімдімін.


Қуат ДҮЙСЕБАЕВ,
Шелек политехникалық колледжінің директоры

Еңбекшіқазақ ауданы

↑