Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Есірткі – ұлт болашағына төнген қатер

Есірткі – ұлт болашағына төнген қатер

12 қаралым

Нашақорлық пен есірткі бизнесі – бүкіл қоғамға қауіп төндіретін жаһандық мәселе. Соңғы жылдары синтетикалық есірткілердің таралуы жастардың өміріне үлкен қатер төндіріп отыр. Осыған байланысты мемлекет тарапынан есірткі қылмысына қарсы қатаң шаралар қабылданып, «закладчик» аталатын курьерлерге де қатаң жаза қолданылуда.

Бұл күрес тек полицияның ғана міндеті емес. Ата-аналар балаларының бос уақытына, кіммен араласатынына және интернеттегі әрекеттеріне мұқият болуы қажет. Егер есірткі жарнамасын (граффиті немесе сілтемелер) көрсеңіз, дереу тиісті орындарға немесе арнайы чат-боттарға хабарласу арқылы өз үлесіңізді қоса аласыз. Таза қоғам – салауатты болашақ.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑