-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүзден жүйрік

    24.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жүзден жүйрік
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Қарасай ауданында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті. Сайыс көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналды.

    Аудан орталығындағы «Nur-Aman» спорт кешенінің боз кілемі Қазақстанның 16 аймағынан жиналған 2010-2011 жылдары дүниеге келген 400 бозбала үшін жан алып, жан беріскен күрес алаңына айналды. Олар 32-ден бастап 85-тен жоғары келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарға таласты. Облыстық еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Темірлан Арашев: «Турнирдің мақсаты – еліміздің көрнекті қоғам қайраткерін еске алуға, жас спортшылардың бойында азаматтық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру, әр салмақ дәрежесі бойынша жас балуандардың арасындағы үздіктерді анықтау, сондай-ақ спорттық шеберлікті шыңдау. Еркін күрес – әдіс-тәсіл мен стратегияны ептілікпен қолдана білген адам ғана жеңіске жететін батыл спорт түрі. Бұл дода жастығына қарамастан, өзіндік шеберліктері мен үздік дағдыларын көрсете білетін, әрқайсысының өз мінезі, күресу тәсілдері бар көптеген балуандардың басын қосты. Сайысқа тек дайындалған спортшылар ғана жіберілді. Өйткені бәске тек жүлделі сыйлықтар ғана емес, жеңімпаз атағы да тігілген. Сондықтан ешқайсысы да жаттықтырушыларын ұятқа қалдырмай, құрмет тұғырына көтерілуге тырысты», – деп атап көрсетті.
    Додаға Алматы облысының балуандары жақсы дайындықпен келіпті. Біздің құраманың қоржынына 5 алтын түсті. Мадияр ­Бағдатұлы (32 кг), ­Мират Әбдікәрім (35 кг), Мадияр Әбдікәрім (44 кг), Салих Кәрімов (52 кг), ­Сағарбек Ұлан (68 кг) алтыннан алқа тақты. Көршілес Жетісу облысының спортшылары Зұлхарнай Балтабай (38 кг), Нұрдәулет Серікболұлы (41 кг), Сүлеймен Аман (62 кг), Мұқаш Алан (85 кг) үйлеріне 4 алтынмен қайтты. Сонымен қатар алматылық балуандар Нұртас ­Сейілбек (57 кг) пен Батыр ­Махамбетұлы (48 кг), сондай-ақ Түркістан облысының өкілі Жасұлан Үркінбай (75 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанып қайтты.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    2 years ago
    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    5 months ago
    Тоқаев: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Тоқаев: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    2 years ago
    Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

    Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

    2 months ago
    ӘКЕ ЖОЛЫ

    ӘКЕ ЖОЛЫ

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.