-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сарбаздар серт берді

    30.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Сарбаздар серт берді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Ұзынағаш ауылында орналасқан даңқты қолбасшы, Халық батыры Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары, етжақындары қатысып, мерейлі сәтке куә болды.

    Әскери міндетін атқаруға биылғы көктемде шақырылған бозбалалар еліміздің әр өңірінен келген. Қарулы күштер қатарына қосылғандар осыған дейін бір ай көлемінде әскери өмірге бейімделіп, саптық жүріс пен әскери іске машықтанды. Алғашқы дайындықтан өткен сайдың тасындай сарбаздар Отан алдындағы борышын осында, яғни Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Бауыржаншылар» атанып кеткен құтқарушылар полкінде өтейді.

    Ант қабылдау рәсімінде әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Е.Усаев, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары полковник А.Советов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары полковник Б.Қалиев және аудан әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев құттықтау сөздерін арнады. Бұл Отан қорғаушылардың әрбірінің өміріндегі ұмытылмас сәт, маңызды қадам екенін еске салды.

    Сарбаз болып сапқа тұрып, Отан алдында ант берген өрендерге ата-аналары да тілектерін айтып, ел тыныштығын күзету абыройлы іс екенін жеткізді. Шара барысында жас жауынгерлер қарумен дефиле, ал кинологиялық қызметтік итпен жаттығулар көрсетті.

    Ант қабылдаумен бірге жауынгерлердің жауапкершілігі де артып, өздерін толыққанды әскери қызметші ретінде сезінгені анық. Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әске­ри бөлімнің жеке құрамының қатарын толықтырғандарға расымен де маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Олар алдағы уақытта азаматтық қорғаныс сала­сын­да республика кө­ле­міндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат болған жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша түрлі тапсырмаларды орындайтын болады. Әрине, оқыс жағдайдың бетін әрі қылсын дейміз, дегенмен «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, қамданған қапы қалмайды.

    Серік Сатыбалдиев,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Тоғысқан тағдыр

    Тоғысқан тағдыр

    3 months ago
    Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері марапатталды

    Мереке қарсаңында еңбек ардагерлері марапатталды

    2 years ago
    Басымдықтарды айқындады

    Басымдықтарды айқындады

    2 years ago
    Бала тәрбиесі – басты міндет

    Бала тәрбиесі – басты міндет

    1 year ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды 

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.