-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    АИТВ-ке қарсы терапия оң нәтиже бере бастады

    20.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    АИТВ-ке қарсы терапия оң нәтиже бере бастады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл туралы «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Сондай-ақ, олар Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған онкүндік профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді.

    Мамандардың айтуынша, антиретровирустық терапияның (АРТ) негізгі мақсаты – вирустың қан құрамында азаюын қамтамасыз етіп, иммундық жүйені қалпына келтіру.

    “АРТ-ның тиімділігі адамдарға қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. Вирус жүктемесінің анықталмауы олардың жақындарына қауіп төндірмейтінін көрсетеді,” – дейді орталықтың профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ләззат Абдукаримова.

    Жыл басынан бері облыста АИТВ инфекциясының 247 жаңа жағдайы тіркелген. Жұқтырудың негізгі жолы – жыныстық қатынас, ал ең көп таралуы 30-49 жас аралығындағы азаматтар арасында байқалады. Қазіргі таңда облыста 2 536 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 2 435 адам антиретровирустық терапия қабылдап жатыр, емдеудің тиімділігі 91%-ды құрайды.

    “АРТ қабылдайтын науқастардың вирус жүктемесі анықталмайды. Соның арқасында соңғы екі жылда анадан балаға АИТВ жұғу жағдайлары тіркелмеді,” – деп атап өтті орталықтың емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Светлана Мельман.

    Сонымен қатар, Алматы мен Қонаев қалаларында ашылған Достық кабинеттері ерекше маңызға ие. Бұл кабинеттерде негізгі топтар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Жыл басынан бері бұл кабинеттерге шамамен 1 000 адам жүгінген.

    Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облыста бірқатар шаралар өтеді. Қараша айының соңына дейін Қонаев, Талғар, Іле аудандарында ашық есік күндері, мектептер мен колледждерде білім беру шаралары, сондай-ақ волейбол турнирлері мен мәдени флешмобтар ұйымдастырылады.

    АИТВ тестілеуін қайда өтуге болады?

    АИТВ туралы көбірек білу және тегін тест тапсыру үшін облыстың келесі мекемелеріне жүгінуге болады:

    Қонаев қаласы: 20 қараша, қалалық емханаларда ашық есік күндері өтеді;

    іле ауданы: 29 қарашада аудандық медициналық ұйымдарда;

    Талғар ауданы: 21 қараша, медициналық орталықтар мен серіктес ұйымдарда;

    Еңбекшіқазақ ауданы: 25 қараша, колледждер мен арнайы ашық іс-шараларда. Сонымен қатар, АИТВ тестілеуін Алматы мен Қонаев қалаларындағы Достық кабинеттерінде өтуге болады.

    Еске сала кетейік, жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі.

    Ұсынымдар

    Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері

    Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері

    1 year ago
    Алматы облысында  «Oceanman Kazakhstan» халықаралық жарысы басталды

    Алматы облысында «Oceanman Kazakhstan» халықаралық жарысы басталды

    2 years ago
    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    3 months ago
    “Таза Қазақстан”: Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

    “Таза Қазақстан”: Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

    1 year ago
    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 593 өтінім мақұлданды

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 593 өтінім мақұлданды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>