-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

    04.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Туризм және саяхат
    Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ.
    80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілетін бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың тартымдылығын арттыра түспек. Аталмыш жобаны жүзеге асыруды қолға алған «ASK Capital» компаниясы көпір құрылысы 2025-2026 жылдары толықтай аяқталады деп жоспарлап отыр.

    Сапалы туризмді дамытуға бағытталған жобаның аясында «Қара шатқал» аймағына қажетті инфрақұрылым, соның ішінде электр желілері де тартылатын болады. Қазіргі уақытта аймаққа 400 миллион теңге инвестиция салынған, алдағы үш жылда қосымша 500 миллион теңге көлемінде қаржы құю көзделіп отыр. Осы уақыт аралығында аймақта 30 заманауи үй, бірнеше сәнді коттедж бен үш мейрамхана бой көтермек.

    «Экотуризмнің танымалдылығы артып келеді, сол себепті біз шатырлы қалашықтар мен хайтек стиліндегі үйлер тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Туристерге ыңғайлы әрі қызықты орындар дайындап, бұл аймақты ерекше демалыс орнына айналдырмақпыз», — деп атап өтті жобаның жетекшісі Сырым Көлбаев.

    Жоба тек көпірмен шектелмей, қосымша 3,5 гектар аумақта балық аулау алаңын құруды да қамтиды. Мұнда туристерге арнап 2-3 күндік турлар ұйымдастырылып, су жағасына жақын демалыс орындары жасақталады.

    Жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба Қазақстанның туристік инфрақұрылымына тың серпін берері сөзсіз. «ASK Capital» өкілі Манат Тағаевтың айтуынша, көпірге дыбыстық және визуалды эффектілер орнатылып, оның бетінде жарық және дыбыстық әсерлер көрсетілетін болады.

    «Біздің шыны көпіріміз Қытайдағы белгілі нысанға ұқсас, бірақ Қазақстан үшін бірегей жоба. Көпірдің арғы бетінде туристерге арналған көңіл көтеру алаңдары, атпен серуендеу және квадроцикл аймақтары да қарастырылған. Жобаның толықтай іске асуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған», – “ASK Capital” өкілі Манат Тағаев.

    Алматы облысындағы бұл ерекше нысан табиғатқа етене жақын экотуризмді дамытып, елімізге туристер тартудың жаңа кезеңін бастамақ.

    Ұсынымдар

    “Есірткісіз болашақ” айлығы қорытындыланды

    “Есірткісіз болашақ” айлығы қорытындыланды

    11 months ago
    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    1414 қызметі халықаралық деңгейде үздік деп танылды

    1 year ago
    Құқықтық кеңес берілді

    Құқықтық кеңес берілді

    6 months ago
    Олқылықтың орнын толтыру қажет

    Олқылықтың орнын толтыру қажет

    1 year ago
    Спортшылар спартакиадасы аяқталды

    Спортшылар спартакиадасы аяқталды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>