-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АНАЛАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРҒАН ЖОБА

    16.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    АНАЛАРДЫ ҚАНАТТАНДЫРҒАН ЖОБА
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ауданымызда ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарына арналған «Qasyndamyn» жобасының қорытынды кеші өтті. Бір айға созылған жоба барысында 18 ана өз арманын жүзеге асырып, жаңа білім мен дағдыларды меңгерді. Әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы бұл жоба аналарға жаңа жол ашып, олардың өміріне өзгеріс әкелгені сөзсіз.

    Жобаның негізгі мақсаты – аналардың кәсіп меңгеріп, өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік ашу.

    Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған кез-келген ана үйде отыруға мәжбүр. Сол себепті де олар арнайы қолдауды қажет етеді. Жоба аясында аналар қалаған кәсібін меңгеру үшін бірі  кондитерлік, енді бірі тігін, шаштараздық, бухгалтерлік курсты таңдады. Нәтижесінде, әрбір ана өзінің жаңа кәсіби қабілеттерін дамытып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін алғашқы қадамын жасады. Мысалы, кондитерлік курста аналар торт пен басқа да тәттілерді дайындауды үйреніп, тапсырыстар қабылдауға дайын бола бастады. Тігін ісін таңдаған аналар бітіру кешіне арналған көйлектерін өздері тігіп, киіп келді.

    Бір ай көлемінде «Qasyndamyn» жобасының аналары жеке өсуге, психологиялық қолдауға, қаржылық сауаттылыққа бейімдейтін  тренингтер (сату техникасы, көпшілік алдында сөйлеу, контент-мейкер және SMM) және шеберлік сабақтарынан өтті. Сондай-ақ олар ұқсас өмірлік жағдайдағы басқа аналармен пайдалы байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

    Сонымен қатар, «Клуб добряков Алматы» еріктілері мен мейірімді жандар жобаға демеушілік жасап, аналарға қажетті құралдарды сыйға тартты. Тігін машинасы, миксер сынды құралдар берілді. Бұл олардың жаңа кәсібін бастап, одан әрі дамытуына ықпалын тигізері айқын. Ал Іле ауданының кәсіпкері Нұрлан Лесұлы «Гүлдер» мейрамханасында арнайы дастарқан жайып, аналарға қолдау көрсетті. Алатау қалалық мәслихатының төрағасы Роза Абилова бір анаға ноутбук сыйлады. Мұндай сый бухгалтерлік кәсіпті таңдаған анаға табыстылды.

    Қазақ эстрадасының танымал әншісі Серікбол Сайлаубек кеш қонағы болып, тамаша әндерін тарту етті. Қонақтардың ыстық ықыласы мен қолдауы аналардың жанын жадыратты.  Кеш соңында аналар өздерінің игерген жаңа білімі мен дағдылары үшін алғыс білдірді. Бұл жоба аналардың өмірге деген сенімін оятып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Көптеген аналар үшін бұл – өмірдегі үлкен өзгерістің бастауы. Жоба аяқталғанымен, аналардың арманы мен мақсаттарына жету жолы енді басталды. Алдағы уақытта да олар кәсіби тұрғыда өздерін жетілдіре бермек. Бұл ретте «QASYNDAMYN» жобасы аналарды әрқашанда қолдайды!

    Бағдат ШОЙБАС,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

    Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

    8 months ago
    Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

    Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

    2 months ago
    Қастерлі есімді қастерлей білейік

    Қастерлі есімді қастерлей білейік

    2 weeks ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    12 months ago
    Азия ойындарында триатлон спортынан жүлде түсті

    Азия ойындарында триатлон спортынан жүлде түсті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>