-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Серпіліс сыйлады

    10.01.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Серпіліс сыйлады
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, атауы Алатау болып өзгертілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы Жарлығы бұрынғы жетігендік тұрғындарды бір серпілтіп тастады. Осыған орай жаңа қала аумағына облыс әкімдігінің өкілдері келіп, өңірді одан әрі экономикалық дамыту жоспарымен бөлісті.

    Жетіген ауылына қала статусын беру тақырыбы осыған дейін де тұрғындармен кездесуде айтылып, талқыланған болатын. Енді, міне, Жетіген ауылы Алатау атауын иеленіп, жаңа қалаға айналды. Президент Жарлығына үн қосқан ауыл азаматтары жиын өткізіп, өңірдің даму бағыты турасында пікір білдірді. Шараға Жетіген ауылдық округінің әкімі Нұрлан Әбілов, ақсақалдар алқасының төрағасы Асқар Жүсіпов, Іле аудандық мәслихат депутаттары Анастасия Мельник пен Жансерік Нұрманбаев қатысты. Жергілікті кәсіпкерлер, өңірдің басқа да белсенді азаматтары сөз сөйлеп, жаңа атауға қолдау білдірді.

    Президенттің Алатау қаласын құру туралы шешімі барлық бағытта дамуға бірегей мүмкіндік береді әрі жаңа көкжиектер ашылады. Өйткені, аймақта халықаралық теміржол стансасы орналасқан. Алатау қаласы туризм орталығы ретінде де, экспортқа бағдарланған сауда-логистика бағытында да үлкен мүмкіндіктерге ие. Қапшағай көлі де жақын. Жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін туристік қызметтердің тұтас кластерін дамытуға болады. Ең маңыздысы, жаңа қалада болашақта тәуелсіз бюджет қарастырылған. Елдімекенге Іле ауданынан Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Қоянқұс, Еңбек ауылдары, Қонаевтан Заречный мен Арна ауылы қосылады. Осылайша, аудан құрамынан қала шегіне 8 елдімекен, 44 мың тұрғын және 66 000 гектар аумақ өтеді. Қазіргі халық саны 50 мыңнан асады.

    Жаңа қала туризм, сауда-логистика, медицина, спорт, білім беру, бизнесті дамыту бағытында дамып, қоғамдық көліктер, жерүсті жеңіл метрополитені ашылады. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту, балабақшалар мен мектептер, емханалар мен өрт сөндіру деполарын салу жоспарланып отыр. Өнеркәсіпке келетін болсақ, олардың қызметі машина жабдықтарына, құрылыс, химия және фармацевтика, металлургия, жеңіл өнеркәсіп өндірісіне арналатын болады.

    Бағдат Шойбас

    Ұсынымдар

    Аграрлық сала айрықша назарда

    Аграрлық сала айрықша назарда

    10 months ago
    Үздік жас геологтарға білім гранты табысталды

    Үздік жас геологтарға білім гранты табысталды

    2 years ago
    Жыршылар жарысында топ жарды

    Жыршылар жарысында топ жарды

    11 months ago
    Апорт алмасы Қазақстан бренді болып тіркелді

    Апорт алмасы Қазақстан бренді болып тіркелді

    2 years ago
    Көлсай маңындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексеруге шақырды

    Көлсайдағы кәріз мәселесі – қоғам назарында

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>