-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ақын – елдің ардағы

    09.11.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Алмат Исәділ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Кеген өңірі тау мінезді таланттарға кенде емес. Солардың бірі – ақын Алмат Исаділ. Қаламгердің жерлестерімен кездесуі алдымен өзі оқыған мектепте басталды. Одан кейін аудандық Мәдениет үйінде жалғасты. «Аспантауға сәлем!» деген атпен ұйымдастырылған әдеби шара мазмұнымен, мәнімен көпшіліктің көңілінен шықты.

    Туған  жер, қайран ауыл, бағың асыл,

    Сыпырған ерке ұлдың томағасын.

    Әнімнің қайырмасы секілденіп,

    Қайта-қайта ойыма  ораласың, –

    деп Алмат  ақын жырлағандай, кеште өрнекті өлеңмен бірге, әсем сазды әуен де тыңдаушының құлақ құрышын қандырды. Өйткені Алмат ақынның 30-дан аса өлеңі әнге айналып, қалың жұрттың аузында жүр. Қаламгердің  биіктей түскені шығармаларынан анық аңғарылады. Балалар әдебиетіне де ден қойып, кішкентай оқырмандардың тілін тауып келеді. Қай жағынан алсақ та, жерлесіміз ұлттық әдебиеттің өсуіне өзіндік үлес қосып жүр деп мақтанышпен айта аламыз.

    Жиналған көпшілікке «Туған өлке түлегі» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, Алмат Мұратұлының өмірі және шығармашылығынан сыр шертетін бейнефильм көрсетілді. Шығармашылық кештің тізгінін ақын Аршын Нұрбақыт ұстады. Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев қаламгерге арнап жүрекжарды лебізін білдірді.

    – Елімізде халықтың рухани қазынасына қызмет етіп жүрген тұлғалар аз емес.  Алмат Исәділ де сондай қаламгер. Поэзия әлеміне көз салсақ, қай кезеңде болмасын қазақ халқының арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы, ел ертеңі ақын-жазушылардың өлеңдерімен астасып, шығармаларына арқау болған. Кереге таулы Кеген өңірі де тарлан таланттарды түлеткен қасиетті мекен. Ақындар Бөлтірік Атыханұлы, Мұқатай Жылқайдаров, режиссерлар Есмұқан Обаев, Нұрғанат Жақыпбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов сынды азаматтардың бұл өңірден шықпауы мүмкін емес. Себебі, Көлсай мен Қайыңдыдай тұнық көлі бар, Қарқара мен Екіашадай көркем жайлауы бар, Шарын мен Үш Меркідей әсем табиғаты бар елдімекен әлі де Алмат бауырымыздай талай тарландарды қанаттандырып ұшырары сөзсіз, – дей келе, ақын кеш иесінің иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

    Өзі қызмет атқаратын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаевтың, ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдәулеттің ұжым атынан жолдаған ыстық ықылас-сәлемі сахна төрінде қаламгерге тапсырылды. Сол сияқты, әдеби кеште ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжанның,  ақын Маралтай Райымбекұлының , «Túrkistan» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлының бейне құттықтаулары көрсетілді. Алматтың сөзіне жазылған «Қаракөзім», «Бой тұмарым, «Сезім», «Аппақ құсым»  атты  әндерді  Ұлту Қабаева,  Қанат Әмірхановтар орындап,  кештің сәнін кіргізді. Алматтың  ұстазы, ақын Шеризат Мекебаев шәкіртінің балалық шағына тоқталып, «Алмат ауылға келгенде» атты өлеңін оқыды.

    Алмат Исәділдің өлеңдері «ХХІ ғасыр ақындарының антологиясы», «Жыр маржаны» деп аталатын қазақ поэзиясының 10 томдығына, «Әлем ақындарының антологиясы» сынды бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. «Жолдар, жолдар…», «Көңілалаң», «Көкжиекке сіңген жол», «Мен – қазақтың баласы», «Бір тамшы», «Аспантау» жыр кітаптарының авторы. Кеште Алмат  Мұратұлының  «Кеңістік» атты  кітабының  тұсауы кесілді. Сиясы кеуіп үлгермеген жаңа жыр жинағына «Абай» баспасының директоры Ақберен Елгезек демеушілік жасап, тарту ретінде шығарып берген. Салтанатты рәсімде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс, ардагер журналист Шыңғыс Тұрсынов, мектептегі ұстазы Қуан Несіпбайқызы,  Ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, профессор Мұхтар Байбатшановтар ақжарма тілектерін арнады.

    Кеш соңында  Алмат Исәділ Кегенде өткен тұңғыш шығармашылық кешін ұйымдастырып, рухани бастаманы қолға алған аудан басшысы мен ел азаматтарына алғыс білдіріп, жаңа өлеңдерін оқыды.

    Әдеби шара ақынның сөзіне жазылған  Шамсия  Ахметованың  «Кеген» әнімен қорытыланды.  Өңірден шыққан таланттарды елмен табыстыратын мұндай рухани іс-шаралар легі одан әрі де жалғаса беретін болады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті

    Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті

    1 year ago
    Қосқұдық ауылында шағын балабақша ашылады

    Қосқұдық ауылында шағын балабақша ашылады

    11 months ago
    Келешекке нық сенім

    Келешекке нық сенім

    1 year ago
    Энергетика – халық игілігі

    Энергетика – халық игілігі

    1 year ago
    Жүргізуші куәлігі жоғалса қалай қалпына келтіруге болады?

    Жүргізуші куәлігі жоғалса қалай қалпына келтіруге болады?

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>