-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбек түбі – береке

    07.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Еңбек түбі – береке
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Қарасай ауданының Сауыншы ауылында кереге мен шатыр жабын­дыларына арналған сэндвич-панельдер шығара­тын жаңа кәсіп­орын­ның құрылысы аяқ­талуға жақын. Көрші­лес Қытай елінен атажұртына оралған кәсіп­кер, көпбалалы ана Ардақ Айтудың баста­масы бойынша қолға алын­ған бұл өндіріс аудан эконо­микасын өркен­дету­ге үлес қосып, тұрғын­дар­дың тиімді әрі сапалы құрылыс материалына деген сұраны­сын өтейтін болады. Кәсіп­орын келер жылдың наурыз айын­да іске қосылады деп күтілуде.

    Ардақ Айту Қазақстанға қоныс аударып, тарихи Отанының гүлденуіне үлес қосуды бала кезінен армандаған екен. Атажұртына табан тірегеннен кейін шама-шарқынша бизнес­пен айналысып, тұрғын үйлер мен кеңселерді, өндірістік ғимараттарды жылдам әрі жылы етіп тұрғызуға мүмкіндік беретін сэндвич-панельдер шығаратын өндіріс ашуды қолға алады. Алайда бұл жолда оны талай сынақ күтіп тұрған еді.
    Ең алдымен өзінде болмағандықтан, өндіріске қажетті ғимаратты жалға алып, жұмыс жасауға мәжбүр болған. Ал биылғы жылдың басында жалдап отырған ғимаратты өрт шалып, онда тұрған құрылғыларына дейін жанып кеткен. Осыдан кейін Ардақ қалайда өзінің жері мен ғимараты болуына күш салады.
    Қоныс аударғалы бері Қарасай ауданында тұрып жатқан Ардақ Айту жаңа кәсіпорынды да осында ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды да ойластырып қойған. Осылайша Сауыншы ауылы­нан 3,6 гектар жер алып, оның бір гектарына сэндвич-панельдер шығаратын кәсіпорынның құрылысын бастап кетеді.
    Әрине, жаңа кәсіпті бастау қашан­да оңай емес. Алдымен құрылыс материалдарының нарқын, елімізде қолданылатын өндіріс технологиясын, өзінің мүмкіндігі мен шама-шарқын бағамдап көреді. Ақыры тәуекелге барып, жұмысты бастап кетеді.
    – Біздің еліміз – салыстырмалы алғанда жас, жедел даму жолына түскен тәуелсіз мемлекет, – дейді Ардақ Айтуқызы. – Міне, сондықтан да біз сұранысқа ие сэндвич-панельдер шығару өндірісін қолға алдық. Осы арқылы еліміздің дамуына үлесімізді қосқымыз келеді. Жұмысымыздың алға жүруіне аудан, облыс әкімдігі, Әйтей ауылдық округінің әкімі тарапынан үлкен көмек болғанын айта кету керек. Алдымен шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерге өндіріс орнын салуға рұқсат алып берді. Сонымен, қатар «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан қаржылай көмек көрсетіліп, шаруамыздың алға жылжуына демеу жасалды. Сондықтан жаңа бизнесті ашуға мұрындық болған барша жұртшылыққа алғысымды жеткізгім келеді.
    «BMG Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатқан жобаға 1,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 300 мың шаршы метр сэндвич-панельдер шығаруға есептелген. Мұнда бүгіндері 40 адам еңбек етіп, отбасының нәпақасын айыруда.
    Сэндвич-панельдердің артық­шылығына келгенде, Ардақ Айтуқызы ең алдымен екі жағынан қаңылтыр­мен қапталып, ортасы пенопласт пен минералды мақта сияқты жылу өткізбейтін материалдармен тол­тырылған жабындылар тез әрі оңай құралатынын айтып өтті. Сонымен бірге суық пен ыстыққа төзімді, отқа жанбайтын беріктігімен де ерекшеленеді. Сэндвич-панельдер ғимараттың төбесін жабуға, керегесін тұрғызуға пайдаланылады. Кірпіштен қаланатын керегелерді тұрғызу үшін жеті-сегіз ай кететін жұмысты бұл панельдердің көмегімен бір айда аяқтап шығуға болады. Бұл материалмен салынған ғимараттардың жылы әрі берік болатыны тағы бар.
    Ардақ Айту мұнымен де шек­теліп қалмай, қалған жерді де тиімді пайдалануды жоспарлап қойған. Мәселен, жердің бір бөлігіне ғимарат­тардың қасбетін еуропалық техно­логиямен әрлейтін материалдар шығаратын кәсіпорын ашса, қалған жерге өндіріске қажетті заттарды сақтайтын қойма салуды ойластыруда. Демек, кәсіпорынның ұлғайып, өндірістің өркен жаюымен жұмыс орындары да көбейіп, мемлекетке төленетін салық мөлшері де арта түспек. Бұл дегеніңіз, ел экономикасының өркен жаюына, халықтың тұрмыс деңгейінің артуына апаратын даңғыл жол десек, қателесе қоймаспыз.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин журналистерге брифинг өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин журналистерге брифинг өткізді

    11 months ago
    Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

    Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

    9 months ago
    Жағажай жаңа кейіпке енеді

    Жағажай жаңа кейіпке енеді

    2 years ago
    Жақсылық – жан шуағы

    Жақсылық – жан шуағы

    3 months ago
    АНТҚА АДАЛДЫҚ

    АНТҚА АДАЛДЫҚ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>