-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Мұражай жетелейді біраз ойға…

    30.11.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Мұражай жетелейді біраз ойға…
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Тарихтан сыр шертіп, құнды мұраларды сақтап, ұрпаққа дәріптеп келе жатқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің жөні де, жолы да бөлек. Ашылғанына ширек ғасыр болған рухани ғимарат Қаскелең қаласында орналасқан. Мұнда келушілердің қатары ешқашан сейілген емес.

    Жуырда музейдің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерейлі кеште сөз алған облыстық музейлер бірлестігінің басшысы Талғат Келімбетов мұражай ұжымын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
    «Бір ғасырдан астам тарихы бар ғимаратта еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білім алған. Аталған мәдени орынның музей ретінде де ұрпаққа берері мол», – деді. Қарасай ауданының Құрметті азаматы Ақлима Көсемова сол білім ошағында оқыған сәттерін еске алды. Сонымен қатар қазіргі уақытта мұражайдың жұмысын жандандырып отырған қызметкерлердің еңбегін ерекше бағалады. Ақжарма тілектер айтылған соң әуезді ән шырқалып, «Қалбибі» студиясының шәкірттері өнер көрсетті.
    Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі жайлы әңгіме айтылғанда, белгілі ақын Серік Қалиевтің есімін атап өтпеу мүмкін емес. Ол кісі музейдің дамуына, құнды жәдігерлердің дәріптелуіне зор үлес қосқан еді. Музейге деген сүйіспеншілігін өлеңінен анық аңғарасыз.
    Келіңіздер, бауырлар, мұражайға.
    Мұражай жетелейді біраз ойға.
    Шуақ берер көңілге көп жәдігер,
    Қуат берер, рух берер тұлабойға.
    Қанша өрлеп, өссе де талғам бүгін,
    Көптік етпес көнеден алған білім.
    Кепкен сүйек, тот басқан темірлер де,
    Дүниенің айтып тұр ғой жалғандығын.
    Келсе егер тарихыңды кең танығың,
    Мұнда бар көп мәлімет, мол тағылым.
    Мұражай – ескілікті көксеу емес,
    Сезіну үшін керек ел қадірін! – деген ақынның жыр жолдарын Абай атындағы орта мектеп-гимназияның оқушылары тебірене оқыды.
    Музей ауласында басталған шараның екінші бөлімі мекеменің ішінде жалғасып, әрбір залда ерекше қойылымдар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
    Келген қонақтар алдымен «Тәуелсіздік» залын аралап, мұнда Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында оқитын қыздардың биін тамашаласа, «Археология» залында сүйектен бұйым жасайтын Әбдіхалық ­Баймағамбетовтің шеберлік сабағына қатысты. ­Мұражайдың «Тарих» залында ­Қаскелең мәдениет колледжінің халық аспаптары бөлімінде оқитын 1-курс студенттері Қарасай бабаның төрт ұлына айтқан өсиетін сахналады.
    Ал «Балалық шақ» залында «Анаға құрмет» музейінің зергерлік бұйымдары таныстырылса, дәл осы орында сәндік бұйымдардың шебері Маржан Шакиртова өз еңбектерін ұсынды. Одан бөлек, «Сынып» залы балалар әдебиетінің атасы – Бердібек ­Соқпақбаевқа арналды. Биыл 100 жылдығы тойланып жатқан жазушыға арнап аудандық кітапхана көрме ұсынса, танымал шығармасы – «Менің атым Қожа» повесінен моноспекталь қойылды. Сотқар әрі терең ойлы Қожаның рөлінде Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназияның 7 «Ә» сынып оқушысы Ерлен Оразхан ойнап, кейіпкердің қылықтарын сәтті сомдады.
    Мұражайдың басқа залдарында да көрермендер көңілін көтеретін, терең ойға батыратын шаралар аз болмады. Осылайша музей ішіндегі салтанатты кеш өз мәресіне жетті. Мекеменің қор сақтаушысы Гүлжан Аянбаева, аға ғылыми қызметкер Ләззат ­Нұржанова және экскурсия жетекшісі Наргиз ­Ерғазиевалар келген қонақтарға ризашылық білдірді. Кеш соңында «Қалбибі» өнер студиясының шәкірттері «Қазақстан» әнін шырқап, рухани шараның нүктесін қойды.

    Дидар МӘЛІКҰЛЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Көзге көрінбейтін дертпен қалай күресеміз?

    Көзге көрінбейтін дертпен қалай күресеміз?

    2 years ago
    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

    3 months ago
    Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты қалай болдырмау керек?

    Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты қалай болдырмау керек?

    1 year ago
    Айрықша кітап орталығы ашылды

    Айрықша кітап орталығы ашылды

    2 years ago
    Бердібек биігі

    Бердібек биігі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.