-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқу мәдениеті қалыптасады

    05.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Баспасөз-2025
    Оқу мәдениеті қалыптасады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» бастамасына орай Райымбек ауданы ­Текес ауылының тұрғындары облыс жұртшылығына Үндеу жасаған. Осы Үндеуге үн қосу мақсатында аудан орталықтары мен елдімекендерде көптеген кездесулер өтті. Облыс орталығындағы кезекті басқосу Қонаев қалалық Мәдениет үйінде жалғасты.

    Басқосуда сөз алған «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Забира Сайділдина кездесудің мақсат-міндетіне тоқталып, өзі жетекшілік етіп отырған басылымның тарихынан сыр шертті.
    – Сіздерді бұл жерге облыстық басылымдарға мәжбүрлеп жаздыруға шақырғанымыз жоқ. Газетке жазылу – өз таңдауларыңыз. Бұған дейін өткен үш Ұлттық құрылтайдың екеу­інде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты оқитын ұлтқа айналдыру керек екенін баса айтты. Қазіргі күні жұртшылық ақпараттың жақсы-жаманын айыра алмай қалды. Газет пен сайт және әлеуметтік желідегі ақпаратты салыстыруға болмайды, – деген Забира Дайранқызы газеттің өзге ақпарат құралдарынан айырмашылығы мен артықшылығын әңгіме арқауына айналдырды. Сонымен бірге ұялы телефон мен заманауи тұрмыстық техникаларды шығаратын дамыған елдердің газеттен бас тартпағанына дәйекті дәлелдер келтіре сөйледі.
    Келесі кезекте сөз алған «Алатау арайы» газеті бас редакторының орынбасары Болат Мәжит оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, пікір алмасу үшін осындай ашық алаң ұйымдастырған Қонаев қалалық әкімдігіне ризашылығын білдірді.
    – Алматы облыстық газетінің тарихы сонау 1918 жылдан басталады. Бұл басылымның аты 9 рет өзгеріп, оныншы ретте «Алатау арайы» деген атауға ие болды. Ғасырдан астам тарихы бар облыстық газетті ата-әжелеріміз оқып, қолтаңбаларын қалдырған. Сондықтан осы басылымға құрмет – ата-баба рухына құрмет болып саналады. Материалдық байлық – бірде бар, бірде жоқ дүние. Ал рухани байлық – таусылмайтын қазына. Рухани бай адамның кез келген ортада сөзі мен ойы түзу болады. Адам рухани байлықты оқу арқылы бойына сіңіреді, – деді Болат Батықұлы. Оқу мәдениетін қалыптастырудың бүгінгідей жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтаудың бір жолы екенін шегелеп айтқан ол мерзімді басылымдар мен кітаптың маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Бұрынғы кезде мектептерде газет журналистерімен кездесулер жиі өткенін, ондай шараның көптеген талантты балалардың болашағына қадам жасауына септігі тигеніне жұртшылық назарын аударды. Сөзінің соңында кітап оқудың газет оқудан бастау алатынына мысалдар келтіріп, жиналған қауымды баспасөзге жазылуға шақырды.
    Мінберге көтерілген қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жақан Ахаев өзінің облыс екіге бөлінген кезде Қонаев қаласына Талдықорғаннан қоныс аударғанын, кеңестік кезеңде Кеген ауданындағы бірнеше кеңшарда қызмет атқарғанын, сол кезде таудың басындағы малшылар отбасының мерзімді басылымдарды оқып отыратынын тілге тиек етті. Барлық сала бойынша жаңалықтарды облыстық газеттерден оқып отыратынын атап өтті. Қойшының қонышында тозатын газет-журналдың бүгінде мәртебесі төмендеп, таралымы азайып кеткеніне қынжылыс білдірген ақсақал облыстық басылымның тұрақты оқырманы екенін, өзі «Алатау
    арайына» жазылса, еншісі бөлек жеңгесінің «Огни Алатауға» жазылып, оқып болған соң екеуінің газет алмасатынын жеткізді. Былтыр Кеген ауданына барып насихат жүргізіп, ондаған адамның газетке жазылуына себепкер болғанын айтты.
    Кездесу барысында бірқатар мектеп пен балабақша басшылары мұғалімдерді аттестаттаудан өтуі үшін мақаласын арнайы министрлік тарапынан белгіленген газет-журналдарға жариялау жөнінде бұйрық бар екенін алға тартып, басылым басшыларының осы мәселенің шешілу жолын қарастыруын сұрады. Сонымен бірге газетке жазылғаннан кейін ұжымның жұмысы мен жетістігін басылым бетінен көргісі келетінін айта кетуді де ұмытпады. Сондай-ақ «Каспий» қосымшасы арқылы баспасөзге жазылуды рәсімдеу жолға қойылса деген өтініштерін жеткізді.
    Кездесуді қорытындылаған Забира Сайділдина Жақан ақсақалға «Огни Алатау» газетінің тарихынан сыр шертетін кітап тарту етті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    2 years ago
    Аурухана бой көтеруде

    Аурухана бой көтеруде

    12 months ago
    Мақсат – айқын, меже – биік

    Мақсат – айқын, меже – биік

    8 months ago
    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    1 year ago
    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    ЖЫРДЫҢ ҚАРА ЖОРҒАСЫ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.