-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    14.08.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Саясат, Туризм және саяхат
    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев тұрғындарды қабылдап отыр.

    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев «AMANAT» партиясында азаматтарды қабылдап, тұрғындардың түйткүлді мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді
    Қабылдауға келген облыс жұртшылығы интернеттің жоқтығы, жергілікті туризмнің хал-ахуалы және тозығы жеткен медицина ғимараттарының мәселелерін көтеріп, алаңдаушылық білдірді.
    Мәселен, Нарынқол ауылы тұрғындарының өтінішін арқалап келген Райымбек ауданының азаматы «35 жыл күрделі жөндеу көрмеген аудандық аурухананың ғимараты сын көтермейді» – деп наразылығын білдірді. Оның айтуынша, толассыз жауған жаңбыр науқастарды әбігерге салуда. Онымен қоса, кәріз жүйесі ескірген, жылыту қазандықтары тозған. Сондықтан ауыл тұрғыны медицина мекемесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлуге жәрдемдесуін сұрады.

    Облыс әкімінің орынбасары Нарынқол ауылындағы аудандық 4 аурухананың ақпан айынан бастап жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын айтты.
    «Елдімекендегі стационар, перзентхана, жұқпалы аурулар және шаруашылық ғимараттарын жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 33 3350000 теңге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2 млн 103 мың теңге бөлінді. Құжаттарды «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС қыркүйек айының соңында аяқтайды», – деді ол.

    Ал Талғар ауданының тұрғыны Жаңалық ауылында әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан интернет мәселесіне шағымданды. 4 мыңнан аса тұрғыны бар шалғайдағы ауылда ұялы байланыс қызметін тарататын мұнара да орнатылмағанын жеткізді. Алайда, шенеуніктің айтуынша елдімекен Теле2, Алтел және Билайн байланыстарының 3G/4G стандартындағы мобильді интернетімен қамтамасыз етілген.

    «Ауылда жалғыз базалық станция болғандықтан жұрт интернетті көп пайдаланатын сағаттарда интернет жылдамдығының төмендейтіні байқалады. Операторлардың ақпаратына сенсек, биылғы жылы ауылда жаңа базалық станция салу жоспарда жоқ. Бұл мәселе келесі жылдары қарастырылады», – деген әкімнің орынбасары ауылда «Транстелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылғанын алға тартты. Ол шағын байланыс операторларына осы желі арқылы ауыл тұрғындарын тұрақты сымды үй интернетіне қосу жұмыстарын жүргізу ұсынылғанын жеткізді.
    Сонымен қатар Кеген ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы Есболат Рысбаев Қайыңды көліне апаратын жолды жасап беруін сұрады. Себебі Саты ауылы мен Көлсай арасында жол асфальтталғанымен, Қайыңдыға қарай жол жоқ. Жол салынып біткен соң көлге баратын туристер саны 2-3 есе көбейеді деген ойда.

    «Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары 1 млрд 270 млн теңге. Бірінші кезеңіне 190 млн теңге бөлініп, жолдың 10 шақырымында жер жұмыстары жүргізілді. Биыл жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін бюджеттен қаражат бөлінбеді. Мердігер «BS Build» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде су құбырлары табылған. Ол құбырлар жобалық-сметалық құжаттамада ескерілмегендіктен, оларды орнату мәселесі туындады. Сондықтан, осы сияқты бірнеше өзгерістер мен түзетулердің барлығы кедергі келтіріп тұр. Бұған мемлекеттік сараптама жасалғаннан кейін, сметадағы құнның өсуіне әсер етуі мүмкін», – деді облыс әкімінің орынбасары.

    Рустам Исатаев өңір жұртшылығымен кездесу қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар мен тиісті ұсыныстар беріп, аталған мәселелердің оң шешілуін бақылауда ұстауға уәде берді.

    Биыл жыл басынан бері «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына 2 мыңнан аса адам жүгінген.

    Ұсынымдар

    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    2 years ago
    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    2,5 пайыздық несие: «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

    3 months ago
    Тәртіптік іс қаралды

    Әдептен озбайық!

    1 year ago
    Басымдықтарды айқындады

    Басымдықтарды айқындады

    2 years ago
    1-сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады

    1-сыныпқа құжат қабылдау тамыздың бірінде аяқталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>