-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    16.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Қарасай ауданында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Тіл форумы өтті. Онда еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының профессорлары мен тіл білімі саласының мамандары дәріс оқыды. Облыстық тілдерді дамыту және білім басқармалары бірлесіп ұйымдастырған ауқымды шараға аймақтың 9 ауданы мен 2 қаласынан 200-ден астам ұстаз қатысты. Сондай-ақ тіл оқыту орталықтарының меңгерушілері, оқытушылары мен әдіскерлері келді.

    Форум барысында мектеп оқулықтарындағы олқылықтар мәселесі көтеріліп, мұғалімдер өз ұсыныстарын ортаға салды. Кітап авторлары мен оқулықты қолданатын ұстаздар арасында жанды байланыс орнатылып, оқыту үрдісін жақсартудың жолдары талқыланды. Мектеп оқулығында тіпті мұғалімдердің өздері түсінбейтін тапсырмалар кездесетіні ашық айтылды. Сондықтан оқу құралын жазатын автор мен мұғалімнің арасында алтын көпір орнаса, оқулық сапасы жақсарады деген тоқтам жасалды.

    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым және білім мәселелері жөніндегі вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы «Қазақ тілі пәні: автор, мұғалім және оқушы үштігінің өзара байланысы» тақырыбында  баяндамасында жасап, бұл мәселені жан-жақты тарқатты. Сайып келгенде жиынның мақсаты да сол – оқулық жазатын тіл мамандары мен сол кітап бойынша бала оқытатын ұстаздардың пікірін білу, ұсыныстарды ескере отырып, алдағы уақытта оқыту сапасын арттыру.

    Жиын барысында  «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің тұсаукесер рәсімі жасалды. Бұл кітапта ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикасы мен дыбысталуы, емле ережелері түсіндірілетін қысқаша нұсқаулықтар, сондай-ақ қазақ тіліндегі іскерлік және электрондық хат-хабар жазу үлгілері берілген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беруге қатысты өзге де мәселелер талқыланған форум екі бөлімде жалғасып, ғалымдардың баяндамалары тыңдалды және ұстаздар өзара тәжірибе алмасты.

    Негізгі бөлімі Қаскелең қаласындағы «SDU»  университетінің мәжіліс залында өтті. Онда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР  Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық құндылықтар академиясының академигі Фаузия Оразбаева «Педагог мәртебесі: мұғалім тұлғасы, әдіснама және әдістеме» тақырыбын тарқатты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қазақ тіл білімі және әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тыныштық Ермекова мектепте қазақ тілі пәнін оқытудағы өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова орфограммаларды анықтаудың негізі ретіндегі эксперименттік диктант нәтижелері немесе қазіргі жастардың жазу мәдениеті турасында баяндама жасады.

    Форумның екінші бөлімі «Алтын ауыл» шағынауданындағы Саяділ Керімбеков атындағы орта мектепте шеберлік сағатымен жалғасты. Мұнда мұғалімдер 5 секция бойынша бір-бірімен байланыс орнатып, тәжірибе алмасты және Ұлттық құндылықтар академиясы мүшелерінің дәрісін тыңдады. Соңында қатысушыларға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен білім басқармасының бірлескен сертификаты табысталды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жалған ақпарат жарға жығады

    Жалған ақпарат жарға жығады

    11 months ago
    Тарихи таңдау жасалды

    Тарихи таңдау жасалды

    8 months ago
    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    1 year ago
    Астанада журналистер саябағы ашылды

    Астанада журналистер саябағы ашылды

    2 years ago
    Амал келді – жыл келді

    Амал келді – жыл келді

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.