-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа мектеп – жарқын жетістік

    13.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Жаңа мектеп – жарқын жетістік
    0
    SHARES
    63
    VIEWS

           Биылғы оқу жылының жұмысы сарапталып, қорытындысы шығарылып жатыр. Ендеше, Еңбекшіқазақ ауданының білім саласындағы сандарды сөйлетіп көрейік.

    Аудан аумағында барлығы 87 мектеп болса, оның үшеуі – жекеменшік. Ал қалған 84 мемлекеттік мектептің 66-сы – типтік, 18-і бейімделген ғимаратта орналасқан. Халық санының жыл артқан сайын өсіп отыратынын, ал ғимараттардың ескіріп, тозатынын ескерсек, қазіргі уақытта ауданда мектеп қажеттілігі жоқ емес. Осы орайда Есік қаласы мен Шелек ауылында және Рахат ауылдық округінің саяжайлар аумағында мектептердің құрылысы қарқын алып жатыр. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев пен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов аталған нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.
    Есік қаласында 900 оқушыға және тура солай Шелек ауылында 900 оқушыға арналған мектептердің құрылысы 2023 маусым айында басталған. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың тамыз айы деп жоспарлануда. Яғни 2024-2025 жылғы оқу жылын 1800 бала жаңа мектепте бастамақ. Болат Өтемұратов атындағы қордың тапсырысымен мердігер мекеме – «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС жалпы сомасы 16,2 млрд теңгеге салып жатқан бұл білім ордалары заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мұнда оқу сыныптарынан басқа рекреациялық аймақтар, заманауи оқу-өндірістік шеберханалары, спорт және гимнастика залдары, ақпараттық орталық, зертхана, шығармашылық студиясы және коворкинг-кеңістігі де жоспарланған. Сонымен қатар баскетбол-волейбол алаңы, шағын футбол алаңы мен стадион, үлкен және кіші жастағы оқушыларға арналған ойын алаңдары қарастырылған. Мектептің айналасына көпжылдық өсімдіктер, ағаштар отырғызылады. Кіру аймағы пандустармен, нашар көретіндерге арналған тактильді жолдармен жабдықталады.
    Аудан бойынша халық ең көп қоныстанған ауылдық округтің бірі – Рахатқа қарасты 49 саяжайда бүгінде 19 654 тұрғын бар. Талғар қаласы маңында орналасқан саяжайлардан – 519, Қайназар ауылына қарасты сайжайлардан – 71, Есік қаласы маңындағы 14 саяжайдан – 1720, барлығы 2310 оқушы саяжайдан тыс жерде орналасқан мектептерге тасымалданып оқиды. Тасымалданатын оқушылардың негізгі бөлігі Есік қаласы маңындағы саяжайларда тұрады. Осы мәселені шешу үшін 2017 жылы сыйымдылығы 600 орынды Рахат №1 мектебі пайдалануға берілген. Бүгінде Есік қаласы маңындағы саяжайлардың балаларына арнап тағы бір мектеп салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы сәуір айында басталған, 2024 жылы желтоқсан айында аяқталады. Жалпы құны 5,0 млрд теңге болатын мектеп құрылысын мердігер мекеме – «Kapital Construction» ЖШС жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші – «Menin Mektebim» ЖШС.
    Бұлардан бөлек, Еңбекшіқазақ ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланған. Былтыр оның төртеуінің құрылысы басталды. Сатай ауылында 900 орынды, Ащысай ауылында 600 орын, Алмалы ауылында 600 орын және Қаражота ауылында 300 орынды білім ордасы биыл желтоқсан айында бой көтеріп, қолданысқа берілуі керек. Ал қалған 6 мектептің құрылысы енді басталады.
    2024 жылы 3 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлініп, Жаңашар ауылының Рысқұлов атындағы орта мектебінде, Есік қаласында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте және Ащыбұлақ ауылы Бубенцов атындағы орта мектепте құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, 15 мектепке газ қосу бойынша жобалау сметалық құжаттар әзірленуде. Бұл мәселе оң шешімін тапса, оқушылар үшін қыстың аязы артта қалатыны қуантады.
    Қуаныш демекші, биыл 11-сыныпты бітірген түлек саны – 2286 болса, оның ішінде 113 оқушы «Алтын белгі» аттестатымен, 210 оқушы «Үздік аттестатпен» орта мектепті аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге мемлекеттік грант ұтып алу үшін 1577 оқушы тіркелсе, оның 78-і 110 балдан асырып, өте жақсы нәтиже көрсетті. «Алтын белгі иегері» Данияр Оспанов 140 балдың тек төртеуінен мүлт кетіп, 136 балл жинады.
    Иә, жарқын болашақ – білімді жастардың қолында. Әр баланың негізі мектеп қабырғасында қаланатынын ескерсек, білім ошақтарының заман талабына сай, ұстаздардың білікті болуы, оқушылардың алаңсыз білім нәрімен сусындауына бар жағдайдың жасалуы маңызды.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

    Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

    7 months ago
    Алматы облысы суға батқандар саны бойынша алдыңғы орында

    Алматы облысы суға батқандар саны бойынша алдыңғы орында

    2 years ago
    МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

    МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

    2 months ago
    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    2 years ago
    Газдандыру қарқын алады

    Газдандыру қарқын алады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.