-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тал егу – игі іс

    29.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Тал егу – игі іс

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    31
    VIEWS

             Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өтті. Экологиялық шараға осындағы мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар біркісідей атсалысты.

    Бұл күні елдімекеннің батыс жа­ғындағы «Алтын асық» ықшам­ауданына 100-ге тарта адам жиналып, ауыл ішімен өтетін өзен арнасына ағаш екті. Бірнеше жыл бұрын мұнда ұзыннан-ұзақ көпір салынып, жаңадан айналма жол тартылғаннан кейін жағалай тал-терек отырғызылған болатын. Қазір көпірдің екі жағында жасыл желек жайқалып тұр. Өзеннің кең арнасы бұл күні тағы 400 түп әртүрлі ағаш көшетімен толықты. Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Рыскелдиев аппарат қызметкерлерімен бірге ұйымдастыру ісінің басы-қасынан табылды. Айтуынша, аудан орталығында таза­лық, көркейту, көгалдандыру ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясындағы шараға мем­лекеттік мекемелердің басшылары да келді. Аудандық ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, қорғаныс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау бөлімдері, «Мансап» орталығы сияқты мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қара­ағаш, үйеңкі, көктал ағаштарының көшетін отырғызды. Игілікті іске жақын маңдағы Ұзынағаш орта мектебінің директоры Раушан Ермұханова бастаған жас мамандар мен Жамбыл атындағы кәсіптік-техникалық лицейінің білімгерлері де атсалысты.
    Аудан әкімінің бірінші орынбасары Абзал Нұрпейісовтің айтуынша, бұл жолғы сенбілікке 1 мың түп көшет алынып, соның 400-і осында отыр­ғызылды, 600 көшет басқа ауылдарға бөлініп берілді. Яғни, бұл күні басқа ауылдық округтерде де осындай сен­білік өтті. Жалпы биыл ел Прези­дентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акция­сы аясында Жамбыл ауданында 9600 түп ағаш отырғызу көзделген. Көктемде соның 4800 данасы егілді, ал қал­ған жартысы қазіргі күз айларында аудандағы 24 ауылдық округ бойынша отырғызылып жатыр. Белгіленген жоспар жыл соңына дейін толықтай орындалатын болады.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    4 weeks ago
    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    5 months ago
    Жабайы саудаға  жол жоқ!

    Жабайы саудаға жол жоқ!

    5 months ago
    Еңбегі ел есінде

    Еңбегі ел есінде

    3 months ago
    Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

    Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>