⛅
4°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

    26.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «16 күндік белсенділік» атты екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.

    Жыл басынан бері 3943 қылмыс тіркелген. Оның барлығы зорлық-зомбылыққа қатысты. Тек әйелдерді ғана емес кәмелеттік жасқа толмағандарға арам ойын жүзеге асырған жайттар да анықталған. Қоғамдағы түйткіл билік назарында. Бүгінде заң да күшейтілді.

    Енді, зорлық-зомбылық құрбандарына барлығы араша түсе алады.

    «Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс қозғау үшін жәбірленушінің арыздануы міндетті емес. Бұл қадам зорлық-зомбылықты ертерек анықтап, құрбандарға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Алматы облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Нұрхан Абдрахманов.

    Ана мен баланы өзгенің азғын әрекеттерінен қорғау үшін құқық қорғау органдары белсене қызмет атқаруда. Қонаев қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлмира Тәңібергенқызының айтуынша, полиция қызметкерлері дағдарыс орталықтарымен бірлесе жұмыс істейді. Олар әрбір зардап шеккен жанды тағдыр тәлкегіне тастамайды.

    Облыста төрт дағдарыс орталығы жұмыс істейді, олар арқылы биыл 212 адам, оның ішінде 53 әйел және 159 бала көмек алды.

    «Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге тек физикалық көмек емес, психологиялық тұрғыдан да қолдау қажет. Біз олардың қоғамға қайта оралуы үшін барлық жағдайды жасап, қалпына келуіне көмектесеміз», – дейді психолог Жанар Нүсіпбайқызы.

    Ұсынымдар

    Көзбен көріп, көңілге түйді

    Көзбен көріп, көңілге түйді

    10 months ago
    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    10 months ago
    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    2 years ago
    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    3 years ago
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    Санаққа дайындық  жайы пысықталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>