Перейти к содержимому

Тұрғындар саны өсуде

4 қаралым

     Астананың тұрғындар саны, табиғи өсімі жыл сайын артып келеді. Еліміздің бас қаласы қазақ даласының қақ төріне көшірілгеннен бері халқы бес есеге жуық өскен.

1999 жылғы санақ нәтижесі бойын­ша, Астана халқының саны 318 000 адамды ғана құраса, 2016 жылдың 5 шілдесінде қаланың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 1 қазандағы жағдай бойынша елордада 1 502 102 адам тұрады.
Астананың бүгінгі әсем келбетіне, тынымсыз тыныс-тіршілігіне қол жеткізуге аз уақыт жұмсалғанмен, қаншама адамның күш-қуаты, ерен еңбегі сіңгені өз-өзінен түсінікті болса керек. Елордаға осынау ширек ғасыр уақыт иінінде қоғам өмірінің барлық саласы бойынша білікті мамандар, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар көптеп қоныс тепті. Алдын ала болжам бойынша, 2030 жылы елорда халқы 2 миллион адамға жетуі мүмкін. Астана халқының өсуіне байланысты шешілуі кезек күттірмейтін мәселелер де баршылық. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы атап өткен болатын. «Бүгінде қала қарқынды дамып келеді. Астананың инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту қажет. Қазіргі урбанизация қарқыны сақтала берсе, қала халқының саны 2030 жылы 2 миллион адамға жетуі мүмкін. Соның салдарынан Бас жоспардың көптеген талабы жүйелі түрде бұзылады. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту мәселесі басты міндет болуы керек», – деген еді ел Президенті.

Дайындаған – Қалмұрат АҚБОЛАТ