Қонаевта №1 және №5 сайлау округтеріндегі шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтуде.
Мұндағы сайлаушылар саны – 7269. Ең алғаш дауыс берушілер саны – 6. Үйден дауыс берушілер саны – 12. Сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес, тұрғындар сайлауға белсенді қатысуда.
Екі округ бойынша 5 сайлау учаскесі қамтылған. Әрқайсына үш кандидаттан тіркелген.
Сайлау учаскелерінің комиссиялары үшін осыған дейін оқыту-семинары ұйымдастарылған. Барлық комиссия мүшелері сайлау саласындағы біліктіліктері бойынша тест тапсырып, сертификатталған.