⛅
6°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЛАТАУ ТҰРҒЫНДАРЫ

    жоғары кернеулі электр желісінен қауіптенеді

    19.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    АЛАТАУ ТҰРҒЫНДАРЫ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Алатау қаласы «Заречный» шағынауданы Наурызбай батыр көшесіндегі №1, 2, 3, 4, 5 үйдің тұрғындары жоғары кернеулі электр желісі бағандарының баспаналарына жақын орнатылғанына наразы болып отыр. Көше жұртшылығы 10 мың вольттық электр сымы тартылған аумақтан оншақты метр қашықтықта ешқандай нысан болмауы керек деген талап бар екенін алға тартып, Алатау қаласы әкімдігіне шағымданғанымен, қанағаттанарлық жауап ала алмай, тауы шағылып жүргендерін айтады.

    – Жоғары кернеулі электр желісі менің үйімнің арқа бетіндегі бос жер телімдерін басып өтіп, ондаған метр жердегі трансформаторды қосалқы стансасына дейін тартылған. Оның бір бағаны үй қоршауынан жарты метрдей ғана жерде орнатылған. Тұрғын үйге де жақын. Оның үстіне жоғары кернеулі электр желісі үйімнің іргесінде көмілген газ құбырының тура үстінен тартылған. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Ауа райы қолайсыз күндері электр сымынан ұшқын мен біртүрлі дыбыс шығып, үрейімізді ұшырады. Жоғары кернеулі электр желісінің біздің көше арқылы тартылуына орай тұрғындардың қарсылығына көңіл аударатын ешкім болмай тұр, – дейді №1 үйдің тұрғыны Серік Мұсаев.
    Осы көшенің тағы бір тұрғыны Жасқайрат Үсеновтің айтуынша, жоғары кернеулі электр желісінің астымен көшенің бас жағындағы үйлерге қуаты 220 вольт болатын электр және интернет сымдарын тартуға болмайды екен. Өйткені үстінде жоғарғы кернеу, жердің астында газ құбыры жүргізілген.
    – Алатау қаласы әкімдігінің «Желі тартылуына басқа дәліз болмады» деген уәжімен келіспейміз. Өйткені мұның алдында аталған желі Мир көшесі арқылы тартылатын болып, жұмысы басталған. Алайда ол көше­нің тұрғындары наразы болып, жұмыс тоқтап қалды. Кейіннен біздің көшені айналдыра қоршай жүргізілді. Қарсылығымызды әлі күнге дейін білдіріп келеміз. Мир көшесінде халық көп тұрады. Сондықтан болар, олардың қарсылығы қабылданып, үркердей топ болған біздің уәжімізге ешкімнің құлақ аспай жүргені, – дейді Жасқайрат Үсенов.
    Үрей билеген тұрғындар талапқа сай емес тартылған жоғары кернеулі электр желісінен қауіптеніп, тіпті балаларын да ойнауға шығармайтындарын айтты. Олар облыстық «Алатау арайы» газетінің редакциясынан өздерінің жанайқайын тиісті орындарға жеткізіп, түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға ықпал етуді сұрады.

    Редакциядан: Алатау қаласы «Заречный» шағынауданы Наурызбай батыр көшесіндегі жоғарыда аталған үй тұрғындарын дүрліктіріп, үрейге бойалдыруына себеп болған мәселе төңірегінде құзырлы орындар не айтар екен? Жауап күтеміз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Энергия ел экономикасын  көтереді

    Энергия ел экономикасын көтереді

    1 year ago
    Спорт, өнер және қосымша білім беру бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

    Спорт, өнер және қосымша білім беру бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

    5 months ago
    Қамыстан қағаз шығармақ

    Қамыстан қағаз шығармақ

    6 months ago
    Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

    Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

    3 years ago
    Сарбаздар сап түзеді

    Сарбаздар сап түзеді

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>