⛅
-2°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алғыс арқалады

    21.12.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алғыс арқалады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Кеген ауданының әл-ауқатын көтеріп, берекесін арттыратын басты саланың бірі ауыл шаруашылығы екені рас. Таулардың қойнау-қойнауына қоныстанған мұндағы ел-жұрт егін егіп, мал өсіріп, өңірді өркендетуге өз үлестерін қосуда. Қысы-жазы жұмыстан қол үзбейтін шаруалар қауымының еңбектері елеуге тұрарлық. Осыған орай, аудандық Мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.

    Жылдағы дәстүр бойынша сала үздіктері анықталып, оларға сый-сияпат көрсетілді. Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев бастаған мекеме басшылары орталық алаңда ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Ондағы жаңа техникалардың артықшылығын көріп, «Игілік», «Мәди» және «Әлібек» сынды шаруа қожалықтарының өнімдерімен кеңінен танысты. Кәсіпкерлердің жүйелі жұмыстарына оң бағасын берді.
    Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынды Нұрбақыт Молдахметұлы ашып, аудан экономикасындағы жетістіктерге тоқталды. Сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады.
    – Кереге таулы Кеген өңірінде шаруа қожалықтарының жағдайы жыл санап жақсара түсуде. Аудан бойынша 156 азамат 1 млрд 286 млн теңге несие алып, кәсіптерін кеңейтуге жол ашты. 15 кооперативтің жұмысы алға басты. Осындай нәтижеге қол жеткізу сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасы, – дей келе, аудан әкімі саланың жандануына аянбай тер төккен еңбеккерлерге алғыс білдіріп, бірқатар азаматты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, аудан әкімінің «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттап, заттай сыйлықтар табыс етті.
    Аталған шарада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруда Жылысай ауылдық округі үздік деп танылды. Ал «Ауыл шаруашылығы саласының жыл үздігі» номинациясымен «Тантыбай» шаруа қожалығының төрағасы Жоламан Игенбаев марапатталды. Жиын соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    1 year ago
    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    1 year ago
    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    2 years ago
    Жамбыл мұражайынан басталды

    Абаттандыруға ардагерлер де атсалысты

    2 years ago
    «Алтын адам» турнирі тартысты өтті

    «Алтын адам» турнирі тартысты өтті

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>