-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    22.02.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

    Естеріңізде болса, 90-жылдардың бас кезіндегі аласапыран уақытта ауыл мектептеріндегі суық температура кесірінен сырт киіммен отыратынбыз. Шалғай ауылдардағы ол кездегі жағдай бәріне түсінікті болатын. Жаңа ғана тәуелсіздік алып, экономикамыз әлзіз күйде тұрғанда ол қалыпты сияқты көрінетін. Бірте-бірте бәрінің де қалыпқа келетініне сенгенбіз. Бірақ кей жерлерде әлі де сол деңгейден көтерілмеген сияқтымыз. 34 жылдан кейін де бүрсеңдеген оқушы мен ұстазды көрсеңіз таңғалмаңыз.

    Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыда 5 орта мектеп бар. Олардың арасында хакім Абайдың атын арқалаған Абай атындағы мектеп-гимназияның аты дардай. Жыл сайын мектептің қыстыкүні суық болатыны турады ауық-ауық әңгіме айтылып қалатын. Ал биыл тіптен көбейді. Ата-аналар арасында температура өлшейтін құрылғының небәрі 11 градус көрсетіп тұрған суреті тарады. Бірден мектепке бардық. Бірнеше сынып бөлмесін көрдік. 11-15 градус аралығында. Оқушылар сырт киіммен дірдек қағып отыр. Тіпті оқушылар «Апай, қолымызды ұстаңызшы, жазуға шамамыз келмей қалды» деп жыларман болды. Пластик терезелерден ұрған суық өңменіңнен өтеді. Бұл мәселенің бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілгенін ескерсек, аудан басшылары қайда қарап отыр деген сұрақ өздігінен туындайды. Аудандық білім бөлімі температураның төмендегенін бір күн бұрын Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазандығындағы жел үрлегіші (поддув) істен шуығуымен байланысты деп түсіндіреді. Алайда осы уақытқа дейін де бұл мәселе айтылған, ескертілгенін ескерсек, бұл сөздері сыныққа сылтау іздегендей болып тұр.

    Мәселені қағазға түсіріп жатқанымызда Шонжыдағы Илья Молутов атындағы №3 мектептің аты-жөнін айтудан бас тартқан қызметкерінен бірнеше сурет келді. Мәселенің мән-жайын білсек, мұнда да мектептің ішінің суықтығынан оқушылар жаурап, сырт киіммен сабақ оқуға мәжбүр екен. Ескі мектеп, ескі ғимарат, бәрі ескі… Оқу салтымыз да ескі болып қалыпты. Суреттен қалың киіммен бүрісіп отырған балаларды көргенде жанымыз ашыды.

    Ауданға 2019 жылы көгілдір газ тартылған болатын. Алайда 5 жыл өтсе де аудан орталығындағы орта мектептер әлі күнге газға қосылмаған. Мұны да мердігердің кінәсінен деп отыр басшылық. Сонда мердігер жұмыс істемесе, қателік жіберсе, одан неге ұстаздар мен оқушылар жапа шегуі тиіс? Біз қашан мердігер компанияларға қатаң қарап, талапты орындатар екенбіз? Бұл – өз алдына үлкен мәселе. Десе де Шонжыдағы Абай атындағы мектеп-гимназияда, №3 мектепте қақаған қара суықта сырт киіммен отырып, қолдары жазудан қалған оқушы мен оранып, қымтанып сабақ өткізіп отырған ұстаздың жағдайын естір құлақ бар ма? Олардың денсаулығына кім жауап береді? Ал сабақ сапасының мұндай суықта сапалы болатынына сенесіз бе? Әйтеуір сұрағы көп, жауабы жоқ қоғамға айналып бара жатқандаймыз.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұсынымдар

    Еңбектері еленді

    10 months ago
    Қарттарға қуаныш сыйлайды

    Қарттарға қуаныш сыйлайды

    2 months ago
    Әкім: Талғар ауданы инвестиция тарту бойынша алғашқы үштікте

    Әкім: Алматы облысына 780 млрд теңге инвестиция тартылды

    5 months ago
    Тағы да вирус тіркелді

    Тағы да вирус тіркелді

    4 months ago
    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.