-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында Еуразиялық логистикалық паркінің құрылысы басталды

    10.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экономика
    Алматы облысында Еуразиялық логистикалық паркінің құрылысы басталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданында Еуразиялық логистикалық паркінің алғашқы іргетасы қаланды. Парк Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының (ҮААЖ) маңында 13 гектар аумаққа салынады. Бұл жүк көліктері үшін қолайлы жол қатынасын қамтамасыз етіп, жүктің Қазақстан мен шетелдерге жеткізілуін жеделдетеді, сондай-ақ импорт-экспорттық логистиканы жеңілдетеді.

    Кешеннің құрамында жалпы аумағы 50 мың шаршы метрден асатын қойма ғимараттары, жүк және жеңіл көлікке арналған тұрақтар, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар болады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 22 миллиард теңгені құрайды.

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның маңыздылығын атап өтіп, Еуразиялық логистикалық парк Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін нығайтуға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және ірі шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік беретінін айтты. Оның сөзінше, жобаның инвестициялық көлемі 22 миллиард теңге, ал алғашқы 10 жылда күтілетін табыс — 50 миллиард теңге болмақ. Жоспар бойынша, пайдалануға беру кезеңінде 250 жұмыс орны ашылады, 700-ден астам жанама жұмыс орны қамтамасыз етіледі. Жоба 18 миллиард теңге көлемінде салық түсімін қамтамасыз етеді. 2029 жылға қарай Қазақстандағы А және В санатындағы қойма алаңдарын 4 миллион шаршы метрге дейін ұлғайту көзделген. Бұл инфрақұрылымдағы тапшылықты шешуге мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    12 months ago
    «Асыл домбыра» иегері

    «Асыл домбыра» иегері

    6 months ago
    Заманауи кешен бой көтеруде

    Заманауи кешен бой көтеруде

    4 days ago
    Өмірі еңбекпен өрілген

    Өмірі еңбекпен өрілген

    3 months ago
    Қамыстан қағаз шығармақ

    Қамыстан қағаз шығармақ

    2 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.