Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ОЙ САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ОЙ САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

105 қаралым

Бүгін Өтеген батыр ауылында Іле ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында әлеуметтік тапсырыс аясында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Іс-шараға Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы Данияр Ермекұлы Сарымбеков қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіби біліммен қатар ой ұшқырлығы мен шешендік қабілеттің маңыздылығын атап өтті.

Пікірсайысқа ауданның 8 ауылдық округі мен Боралдай кентінен 16 мемлекеттік қызметші қатысып, өз ұстанымдарын ортаға салып, ойларын дәлелдеп, шешендік және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп бекіткен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды Ащыбұлақ ауылдық округінің командасы, ІІ орынды Асқар Тоқпанов ауылдық округінің командасы, ІІІ орынды Байкент ауылдық округінің командасы иеленді.

Жүлдегерлерге қаржылай ынталандыру сертификаттары табысталып, қатысушылар Іле ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар адалдық қағидаттарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында арнайы марапаттарға ие болды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып, кәсіби біліктілігі мен шешендік қабілеттерін танытты.

Іле ауданы

↑