-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

    17.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым
    Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Жолдың жағдайын ретке келтіру – мемлекеттік саясаттық басым бағыттарының бірі. Бүгінгі күні Алматы облысындағы жолдың 93 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда.

    Жыл сайын жол құрылысына және оны күтіп ұстауға қазынадан қаржы бөлінеді. Биыл 157,9 шақырым автомобиль жолының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 19,1 млрд. теңге қаражат бөлінген.

    Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхаметовтың сөзінше, 2024-2025 жылдары 45,1 шақырым автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтеді екен. Бұдан бөлек, өзенде су деңгейінің көтерілуінен зақым келген көпірлерде жөндеуден өтеді.

     «Талғар, Түрген және Қаскелең өзендері арқылы өтетін 3 көпір құрылыстарына зақым келген еді. Қазіргі уақытта аталған көпірлерді күрделі жөндеуге ЖСҚ жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-дейді басқарма басшысы.

    Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 14 жоба жоспарланған, қазіргі таңда жұмыс 100%-ға орындалды.

    Мамандар тақтайдай тегіс жолдың сапасына шамадан тыс жүк артып жүйткитін жүк көліктері нұқсан келтіреді дейді. Сондықтан жергілікті автомобиль жолдарына 5 автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 2 данасы орнатылды, оған жергілікті бюджеттен 441 млн. теңге қаражат бөлінді.

     Ермек Биғазыұлының айтуынша, «Талғар – Байтерек» 6,9 шақырым автомобиль жолын маршруттық тәсілмен 2 жолақтан 4 жолаққа кеңейту жұмыстары жүргізілді. Нысанда қарастырылған жаяу жүргінші жолдарын орнату жұмыс түріне жергілікті бюджеттен 578,1 млн. теңге бөлінді. Қаражат 100% игерілді.

    Ұсынымдар

    Ауа тазалығы басты назарда

    Ауа тазалығы басты назарда

    2 years ago
    Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

    Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

    2 years ago
    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    1 year ago
    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

    1 year ago
    Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

    Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>