Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

Бас прокуратура: Мемлекетке 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды

9 қаралым

Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов мемлекетке 760 миллиард теңге қайтарылғанын хабарлады. Бұл туралы ол Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды. Қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр», – деді Берік Асылов.

Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар қайтарылған.