-13 °c
Qonaev
Thursday, June 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақбота алтыннан алқа тақты

    06.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ақбота алтыннан алқа тақты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Талғар ауданы Жалқамыс ауылының өрендері Сингапурда каратэ шито-рюдан өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды. Әлемнің 24 елінен 700-ден аса спортшы қатысқан байрақты бәсекеде №1 5 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Ақбота Ербол алтын медаль иеленіп, чемпион атанды. Ал Әнуар Асанбай қатысқанына бірер жыл ғана болса да, үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты.

    Ақбота каратэге 7 жасынан қатысып келеді. Жаттықтырушысы – Мағжан Өтемісов. Чемпион қыздың спорттық өмірбаянының өзі тамсандырады. Ол осы уақытқа дейін Алматыда өткен Азия чемпионатында, Франциядағы халықаралық жарыста және Астанада жалауын көтерген «KAZAKHSTAN OPEN» турнирінде жүлделі орындардан көрінді. 2024 жылы 54 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы болып, спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленген.
    Жас жүлдегерлерді ауылдың кіреберісінен облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдәулетов, белсенді азаматтар Айгерім Нұрданова, Мира Маймарова және Сержан Сейітбатталұлы, спортшылардың ата-аналары, туысқандары күтіп алып, ақжарма тілектерін айтып, жүлделі жеңістері көбейе берсін деп ақ батасын берді. Талғар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары Семейхан Дәріпхан мен Бағжан Ерғайып жырдан шашу шашты. Ауыл белсендісі Сәбит Қаржаубай ақ боз атына мініп, Көк Туымызды желбірете ауылға бет алған көліктерге жол бастады.
    №15 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары ел мерейін үстем еткен жеңімпаздарын салтанатпен қарсы алды. Оқу ісінің меңгерушілері Қуат Адижанов пен Айнагүл Байымбетова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ботагөз Ғұсманова Азияда оза шапқан өрендеріне лебіздерін білдірді.
    Иә, «Боламын деген баланың бетінен қақпа, белін бу» деген. Қай өңір, қай ауылда болса да, осындай додалы жарыстарда жүлделі орындар иемденіп қайтқан балаларды осылай құрметтеп, күтіп алып, қошемет көрсетіліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Өзінің жеңісіне жұртының осынша қуанып, көңілдері марқайғанын көрген жас өрен кім үшін, не үшін тер төгіп жүргенін түсініп, байрақты бәсекелерде одан сайын жігерлене түсіп, ел намысын қорғары даусыз.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

    Безгек масаларына қарсы екінші мәрте дәрі шаша бастады

    1 year ago
    Сәтбаев университеті студенттері зертханалық сынамалар жүргізуге қатысты

    Сәтбаев университеті студенттері зертханалық сынамалар жүргізуге қатысты

    2 years ago
    АЭС 60-80 жылға жуық жұмыс істейді

    АЭС 60-80 жылға жуық жұмыс істейді

    9 months ago
    Тіршілікке  нәр бергендер

    Тіршілікке  нәр бергендер

    11 months ago
    Ғылымға құрылған қоғам құру – уақыт талабы

    ҒЫЛЫМДЫ ҚОЛДАУ – НЕГІЗГІ БАҒЫТ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.