⛅
-4°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баспаналы болу – бір бақыт

    18.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Баспаналы болу – бір бақыт
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

           Тәуелсіздік мерекесінде Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында 5 қабатты 40 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің кілті табысталып, кезекте тұрған тұрғындар баспаналы болды.

    Шараға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, мекеме-ұйым басшылары мен ауыл жұртшылығы қатысты.

    Салтанатты шарада алғашқы сөз кезегін алған Азат Үкітайұлы: «Тұрғын үй салу ісі ауданымызда қарқынды жүріп, жыл сайын тұрғындар баспаналы болу мүмкіндігіне қол жеткізуде. Бұл тұрғын үйдің құрылысы   2022 жылдың қараша айында басталған болатын. Ол үшін «Бауыр Құрылыс Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалған. Бүгінде пайдалануға беріліп, ел қуанышы еселенуде. Баспаналы болып отырған пәтер иелеріне қоныстарыңыз құтты болып, осындағы әр күндеріңіз бақыт пен қуанышқа толы өтсін», – деген тілегін жеткізіп, тұрғын үй құрылысын жүргізген серіктестіктің директоры Эльмира Сатыбалдиеваға аудан халқы атынан алғыс айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев ақ батасын берді.

    Мұнан соң қуанышты сәттерін тағатсыздана күтіп тұрған пәтер иелеріне баспана кілті салтанатты түрде табысталды. Жиналған көпшілік шашу шашып, мәре-сәре болып, бір-біріне құтты болсын айтып, қуанышқа ортақтасып жатты.

    Баспаналы болу – әрбір адамның асқақ арманы, басты байлығы. Кім де болса шаңырағы биік, босағасы берік өз үйі болғанын қалайды. Сондықтан да дана халқымызда «Үйің болмай, күйің болмас», «Өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деген сөздер айтылса керек.

    Тәуелсіз мемлекетіміздегі азамат­тардың әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Бұл ретте «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген. Демек, мемлекетіміздің негізгі қағи­даты әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар үшін баспанаға қолжетімділікті арттыру болып қала бермек. Осы мақсатта мемлекет тарапынан халықты баспанамен қамтуға мүмкіндік беретін тұрғын үй бағдарлама­лары өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Кооператив құру – заман талабы

    Кооператив құру – заман талабы

    2 years ago
    АҚЫН ЖЫРЫ МӘҢГІЛІК

    АҚЫН ЖЫРЫ МӘҢГІЛІК

    10 months ago
    Бағдаршам орнатылды

    Бағдаршам орнатылды

    1 month ago
    Құрылыс барысымен танысты

    Құрылыс барысымен танысты

    1 month ago
    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>