-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дарынымен дараланды

    20.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Дарынымен дараланды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         «Білімді мыңды жығады». Бұл сөздің растығын ой жарысынан озып шыққан Ұйғыр ауданының оқушылары дәлелдеді. Олар ­Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиадада топ жарып, жерлестерін қуанышқа бөледі.

    Аталған олимпиада биыл екінші рет өтіп отыр. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолға алған білім сайысы қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар еліміздің шалғай елдімекеніндегі дарынды балаларды анықтап, жас таланттардың халықаралық олимпиадаға қатысуына жол ашу.
    Төрт кезеңнен тұрған олимпиаданың құқықтық-гуманитарлық бағыты бойынша бақ сынаған оқушылардың бірқатары үздік нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, ­Шонжыдағы №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Малинур Сәметова құқық негіздері пәні бойынша, 10-сыныпта оқитын Нурсанам Хитахунова Қазақстан тарихы пәнінен және ­Долайты орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шахризат Ибадуллаева қазақ тілі пәні бойынша І дәрежелі диплом иегерлері атанса, Илья Молутов атындағы №3 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Фатима Перлиманова орыс мектептеріне арналған қазақ тілі пәнінен өткен жарыста ІІІ орынға қол жеткізді. Жеңімпаздарды аудан азаматтары ықыласпен қарсы алды. Салтанатты шара И.Молутов атындағы №3 орта мектепте өтті.
    Әдемі безендірілген мектеп алаңына білім беру мекемелерінің басшылары, қоғам белсенділері, аудан ақсақалдары, ұстаздар қауымы жиналды. Оқушыларды ақ жаулықты аналар шашумен қарсы алды.
    Алғашқы болып сөз алған Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасы Нұрәкім Есжан жеңімпаздарды құттықтап, алар асуының биік, бағындырар белесінің көп болуын тіледі. Олардың осындай деңгейге жетуіне мол үлес қосқан ұстаздар қауымына алғыс білдірді. Мұнан соң жүлдегерлердің әрқайсысына 100 мың теңгеден сыйақы табысталды.
    Аудандық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманалиева да шәкірттеріне ризашылығын білдірді. Олардың жеңіс тұғырынан көрінуі аудан, облысымыз үшін зор мәртебе, мақтаныш екенін жеткізді. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған Бахтихан Оталипова, Халидам Хевизова, Аида ­Максимова, Сандуғаш Бірімқұлова сынды ұлағатты ұстаздар марапатталды. Сондай-ақ балаларының әр қадамына мән беріп, білімге деген құштарлығын арттырған ата-аналарға да сый-сияпат көрсетілді.
    Ұйғыр аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов, ауыл ақсақалы Шамахун Нурумов, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлжахан Әликеевалар ақжарма тілектерін арнады. Үздіктар арасынан сөз алған Долайты орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шахризат Ибадуллаева әр қадамына қолдау білдірген ата-анасы мен ұстаздарына алғыс айтты.
    Жеңіс тек табандылық мен талап, еңбек пен білімнің арқасында келеді. Осыны аңғарған біздің шәкірттеріміз сонау арқа төсінде жүздеген оқушы қатысқан сайыста жүйрік атанып, аудан абыройын асқақтатты. Қуанышымыз еселене берсін!

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    9 months ago
    Газдандыру қарқын алады

    152 шақырымнан астам жол жөнделді

    4 months ago
    Алматы облысында «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-практикалық зертханасы ашылды

    Алматы облысында «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-практикалық зертханасы ашылды

    1 year ago
    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    1 year ago
    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.