-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еңбек құқығы ерекше қорғалады

    27.12.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Еңбек құқығы ерекше қорғалады
    0
    SHARES
    54
    VIEWS

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте халыққа арнаған дәстүрлі жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағаны белгілі. Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашан да құрметті әрі сыйлы болу керектігін айтқан. Ал еңбек құқығы аяқасты болған жерде еңбек адамының сый мен құрметтен қағылатыны айтпаса да түсінікті.

    Азаматтық қоғамның маңызды бір бөлшегі – үкіметтік емес ұйымдар. Үкіметтен тәуелсіз, бірақ қоғам өкілдерімен етене жұмыс істейтін, елдегі өзекті мәселелерді шешу үшін құрылған осындай ұйымдардың бірі – «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры. 2023 жылы азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған жаңа үлгідегі қор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев жариялаған Әділетті Қазақстанды құруға және халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған жобаларды іске асырып келеді.

    Таяуда ғана аталмыш қор азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында ауқымды ауқымды ұлттық жоба бастады.

    Жоба аясында қор Қазақстанда алғаш рет еңбек құқығын бұзатын жұмыс берушілердің Реестрін жасақтамақшы. Бұл бастама еңбек адамының құқығын ғана емес, қауіпсіздігін де қорғау құралына айналмақ. Бұл мақсатта биыл қордың жанынан құрылған Еңбекті қорғау жөніндегі комиссия бірнеше өңірдегі кәсіпорындарға арнайы барып, еңбек нормаларының бұзылғанын анықтады.

    Еліміздің әр өңірінде мыңдаған жақсаты, қоғамдық қабылдау қызметтері бар Қор бүгінге дейін еңбек құқығымыз бұзылды деген 600-ге жуық адамға тегін заңгерлік кеңес берген.

    Қор еңбек адамының қауіпсіздігін бірге қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттік органдармен, кәсіподақтармен келіссөздер жүргізді. Ынтымақтастық ұсынып, жергілікті және республикалық деңгейде 30-ға жуық меморандумға қол қойды.

    Ресми дерекке сенсек, қазіргі таңда елімізде еңбекке қабілетті 11 млн жуық адам бар екен. Әйтсе де, олардың тек 3 млн ғана кәсіподақтарға қосылған. Демек, өзге миллиондаған адамның еңбек құқығы қорғалмайды деген сөз.

    Жосықсыз жұмыс берушілер тізімі елге адал қызмет ететін азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейтудің бірегей тетігіне айналмақ. Қор алғашқы жария тізімді 2025 жылдың наурызында жариялауды жоспарлап отыр.

    Еңбек адамының құқығын қорғауда қор жосықсыз жұмыс берушілер тізімін түзумен шектелмек емес.

    Келесі жылдан бастап «Әділдік және өркендеу» қоры құрған Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылын өткізуді қоғамдық қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталық Жұмысшы мамандықтары жылын өткізуге үлес қосқысы келетін қоғамдық ұйымдар, қоғам өкілдері мен белсенділердің басын қосатын алаңға айналады деген үміт бар. Қор аталмыш жыл аясында іске асыратын жобаларын көпшілікке хабардар ету үшін adalenbek.kz деп аталатын арнайы сайт ашқан.

    Мадияр Қожахметов,

    “Әділдік және өркендеу” қоғамдық қорының

    Алматы облысы бойынша өкілдігінің басшысы

    Ұсынымдар

    Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жайы талқыланды

    Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жайы талқыланды

    1 year ago
    Бас прокуратура: Дауыс беру басталғаннан бері ықтимал заңбұзушылық туралы 25 өтініш түсті

    Бас прокуратура: Дауыс беру басталғаннан бері ықтимал заңбұзушылық туралы 25 өтініш түсті

    2 years ago
    Діни тұрақтылық – қоғамдық қауіпсіздік кепілі

    Діни тұрақтылық – қоғамдық қауіпсіздік кепілі

    10 months ago
    Ел қорғаны – жастар

    Ел қорғаны – жастар

    1 year ago
    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>