⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұғыры биік тұлға

    23.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Тұғыры биік тұлға
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Райымбек ауданының орта­лы­ғындағы Т.Жанұзақов атын­­дағы орта мектепте «Тұғыры биік тұлға» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Аталған шара журналист-жазушы, публицист, аудар­машы Тельман Жанұзақовтың 90 жылдығына арналды.

    Аталған шараға Райымбек аудандық білім бөлімі мен жетекші мамандары, мектеп директорлары, ұстаздар мен оқушылар, Тельман Жанұзақовтың бауырлары, алыс-жақыннан келген қадірлі меймандар қатысты. Мектепте өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Ондағы жәдігерлер өткен тарихтан сыр шертіп тұр. Оқушылардың баяндауы арқылы мұражай қорымен танысқан қонақтар қаламгердің өмір жолы мен атқарған қызметінен де мол мағлұмат алды.
    Тельман Жанұзақов 1935 жылы 13 тамызда Нарынқол ауылында туған. 1957 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1956 жылы «Лениншіл жас» газетінде әдеби қыз­меттен басталған еңбек жолы бөлім меңгерушісі, бас редактордың орын­басары қызметтерімен жалғас­ты. 1967 жылы «Правда» газеті­нің Қазақстандағы меншікті тілшісі болады. 1971-74 жылдары екі тілде шыға­тын «Ара-Шмель» саяси сын-сықақ журналының бас редакторы, 1974 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақфильм» кино­студиясы дирек­торының орын­басары, директоры, Қазақстан Кинема­тог­рафистер ода­ғының бас хатшысы қызмет­­терін атқарды. Оның қаламынан туған «Ради жизни на земле», «Олимпийский факель», «Азаматтар» атты публи­цистикалық очерктері бір кітаптың жүгін көтеретін соқталы дүниелер болса, аудармашы ретінде де қазақ әдебиетіне қосқан үлесі салмақты. Тельманның аударуымен жарық көрген швейцар жазушысы Ф.Дюрренматтың «Сот пен жендет» повесі, америкалық жазушы Ф.Купердің «Могикан­ның соңғы тұяғы», А.Толстойдың «Инженер Гариннің гиперболойды» романдары оқырман жүрегінен орын алғаны анық. Сондай-ақ алыс-жақын шетелдің оннан аса кинофильмін қазақ тілінде сөйле­тудегі еңбегі зор. Небәрі 43 жасында өмірден өткен қаламгердің аз болса да саз ғұмырындағы еліне сіңірген еңбегі ерен, артына қалдырған мұрасы мол. 1996 жылы Нарынқол орта мектебінің ашылғанына 100 жыл толуына орай аудан тұрғындарының талап-тілегі ескеріліп, білім ошағына өзінің төл түлегі Тельман Жанұзақовтың есімі берілген.
    Қарымды қаламгерге арналған шара бұдан кейін білім ордасының жиын залында жалғасты. Алғаш сөз алған мектеп директоры Мүтәліп Стыбеков Тельман Жанұзақовтың ғибратты ғұмыры мен шығармашылығы жайында мәнді де нәрлі баяндама жасады. Тарлан таланттың адами құндылықтарға тән айрықша қасиеттеріне тоқталды. Кітап­тарының кейбір бөлімдеріне талдау жасады.
    – Тельман – қоғамның құбылысын дәл бақылап, өмірдің өзекті мәселелерін өткір де шынайы жаза білген қаламгер. Журналистикадағы көп жылдық еңбегі очерк, эссе, көркем проза жанрындағы ізденістері оның қаламының қуаты мен ойының тереңдігін дәлелдейді. Қаламгер шығармалары дәуір шын­дығын, адамның ішкі жандүниесін, қоғам мен өмір арасындағы байланыс пен әлеуметтік мәселелерді анық көрсететін өзіндік стилі бар әдеби мұра деп білеміз. Келесі жылы мектептің ашылғанына 130 жыл толады. Айтулы мереке қарсаңында Тельман ағамыздың Майра, Ләйла, Сәуле атты қыздарының демеушілігімен мектептің алдына бюсті жасалды. Көктем шығып, күн жылынысымен орнатуды жоспарлап отырмыз, – деген Мүтәліп Сәбитұлы мерейтой қарсаңында мектепке демеушілік танытып отырған түлек­терге, Тельманның бауырларына жүрекжарды алғысын жеткізді. Меймандарды мектеп әкімшілігінің Алғыс хатымен марапаттап, арқа­ларына шапан жапты. Келесі кезекте мінбеге көтерілген Нарынқол ауылдық округінің әкімі Амангелді Шенебеков, қаламгердің інілері Ақылжан мен Меліс Сатаевтар, мектеп түлегі, медицина ғылымдарының докторы Нұргүл Өтебаева, аудандық білім бөлімінің аға әдіскері Мираш Қожамолдаева ұйымдастырылып отырған шараға қатысты ой-пікірлерін көпшілікпен бөлісті.
    Тельман Жанұзақовтың өмірі мен шығармашылығын арқау еткен «Тағылымға толы ғұмыр» атты театр­лан­дырылған қойылым көркем де шынайылығымен көрермен көңілін баурады. И.Мышбаева жетекшілік ететін 4 «А» сыныбы оқушыларының «Ұлылар жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында, Б.Тайженбетова жетекшілік ететін 7 «А» сыныбы оқушы­ларының «Тағылымы биік талғампаз қаламгер» атты ашық тәрбие сағаттары өтті. Осы күні мектеп­­те қаламгер шығармашылығын ғылыми тұрғыда зерттеу мақсатында мұғалімдер арасында педагогикалық оқу ұйымдас­тырылып, нәтижесі шығарылды. Жеңім­паздарға дипломдар мен заттай сыйлықтар тапсырылды. Оқушылардың «Ақкербез» бишілер тобы мен Сезім, Әлиса, Ерсұлтан­дай өрендердің өнерлері де талап деңгейінен көрінді.
    Осылайша, қарымды қаламгер­дің талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы жас буынды Отанын сүюді, қадір-қасиетін жете сезініп, бағалай білуді, шыншыл да сыршыл шығарма­ларына терең бойлап, рухани дүние­танымын кеңейтуді мақсат еткен тағылымды шара өзіндік мән-маңызы­мен жүректерге жол тапты.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    Жастар орталығы ашылды
    22.04.2026
    Ел алдындағы есеп
    22.04.2026
    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>