Ағымдағы жылдың 16–18 қазан аралығында республика аумағында өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде Балқаш АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚТ инспекторлары – полиция лейтенанты Н. Қонысбай мен полиция лейтенанты Ж. Жұмаділова профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді.
Тексеру барысында есепте тұрған азаматтардың тұрмыс жағдайы зерделеніп, отбасындағы ахуалға назар аударылды. Тұлғалармен құқықбұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында заң талаптарын сақтау, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Сонымен қатар, қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Балқаш ауданы полиция бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.
Алтынай СЕЙІТКЕН
Балқаш ауданы

