-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    11.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «WorldSkills Kazahstan – 2024» ұлттық чемпионатының жеңімпаздарымен жүздесті. Кездесуге үлкен додаға қатысып, жүлдегер атанып келген үздік студенттер және олардың мұғалімдері, колледж директорлары қатысты. Жүздесу «WorldSkills Kazahstan – 2024» ұлттық чемпионаты туралы бейнероликті тамашалаудан басталды.

    Кездесуді ашқан облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева алғашқы сөзді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке берді. Өңір басшысы өз сөзінде орта арнаулы кәсіптік білім беру орындарының жетістіктерін атап өтіп, алда жүзеге асыру көзделіп отырған шаралар жайына тоқталды.
    – «Құрметті «WorldSkills Kazahstan – 2024» ұлттық чемпионатының жүлдегерлері, ұстаздар! Колледж студенттері үшін басты сайыс болып саналатын «WorldSkills Kazahstan – 2024» ұлттық чемпионатынан орын алған жүлдегерлерімізді құттық­таймын! «World skills» – жас маман­дардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық маңызы бар жоба. Биыл қараша айында Астана қаласында өткен ІХ республикалық чемпионатқа Алматы облысының студенттері 21 мамандық бойынша қатысып, алтын, күміс, қола және 5 ынталандыру медаліне қол жеткізді. Әлемнің 80 елі бақ сынайтын бұл жобаға өңіріміздің кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары 2015 жылдан бері қатысып келеді. Жобаның ерекшелігі – жұмысшы мамандығын дәріптеу, олардың танымдылығын және беделін көтеру.
    Облысымыз ірі өндірістік аймақ болып саналатындықтан, бүгінде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жоғары. Біз өз тарапымыздан азаматтардың нарықтық қажеттілігін сараптай отырып, жұмысшы маман­дықтарын меңгеруіне жағдай жасау­дамыз. Алдағы уақытта еңбек нарығын­дағы сұраныстарға сәйкес «Көкөніс өсіруші», «Автомобиль жолдары мен әуе айлақтарын салу және пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация», «Ақылды қала» жобасын іске асыру мақсатында «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтан бас­қарылатын авиациялық жүйе» маман­дықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Облысымыздың білім сала­сындағы жетістіктерінен саланың оң бағытта дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Ал, кәсіптік білім берудегі бүгінгі жетістік – ертеңгі күні өңірдегі өндіріс орындарына білікті мамандар келуінің кепілі.
    Студенттердің сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болуы – колледж оқыту­шыларының кәсібилігіне тікелей байланысты. Сондықтан оқу орын­дарының басшылары тәжірибелі оқытушыларды тарта білуі қажет. Бұл бағытта сіздермен бірлесіп, маңызды жобаларды жүзеге асырамыз», – деп сөзін түйіндеген облыс әкімі ары қарай «WorldSkills Kazahstan – 2024» ұлттық чемпионатының жеңімпаздарын, колледж директорлары мен оқытушыларды марапаттады. Студенттерге ноутбук, планшет сияқ­ты құнды сыйлықтар табысталды. Бірақ­тар колледж директорлары мен оқытушылар облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.
    Салтанатты рәсімнен кейін шараға қатысушылар «WorldSkills Kazahstan – 2024» ұлттық чемпионатында жүлделі орын иеленген жеңімпаздардың оқыту­шыларымен бірге дайындаған шеберлік сыныбын тамашалады.
    Марапатталушылар атынан Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инно­вациялық технологиялар коллед­жінің әлеуметтік серіктесі, облыс­тық мәслихаттың депутаты Серікхан Әділханов, Алматы экономи­калық колледжінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Қасымбек сөз сөйледі. Өзге де мінбеге көтерілген колледж басшылары мен оқытушылар кәсіптік білім берудегі маңызды мәселелерді алға тартты. Өз кезегінде облыс әкімі айтылған ұсыныстардың ескерілетінін, түйінді жайттардың бірден болмаса да біртіндеп, ретіне қарай шешілетінін жеткізді.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Кеуде қолқасына жоғары технология көмегімен гибридті ота жасалды

    МӘМС есебінен сәтті ота жасалды

    1 year ago
    Алматы облысында жаңа автобус бағыттары ашылды

    Жанармай бағасы көтерілсе де, жолақы қымбаттамайды

    2 years ago
    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    11 months ago
    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    2 years ago
    Сұранысқа ие сүт өнімі

    Сұранысқа ие сүт өнімі

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.