-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

    02.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Саясат, Тарих
    Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS
    Бүгін Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.
    Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткішті облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.
    Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оның еңбегінің ұлт тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді:
    «Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз».
    Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.
    Кегендегі балалар өнер мектебі
    2015 жылы құрылған Кеген ауылындағы балалар өнер мектебі балаларға домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша білім береді. Бүгінгі таңда мектепте 44 педагогтың басшылығымен 890 оқушы білім алуда.
    Мектептің бөлімшелері аудандағы 12 елді мекенде орналасқан, бұл балаларға қосымша білім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жетістіктері айтарлықтай: халықаралық байқауларда – 38, республикалық деңгейде – 176, облыстық сайыстарда – 158, аудандық жарыстарда – 82 жүлделі орындарға ие болды.
    Мектептің дамуы мен жетістіктері арқылы Кеген өңірінде мәдениет пен өнерді насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді.

    Ұсынымдар

    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Үкімет мұнай және көмір химиясы өнеркәсібіндегі ауқымды жобаларды жариялады

    4 months ago
    Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

    Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

    2 years ago
    Алматы облысында «Qaisar» жобасы аясында 2 мыңға жуық оқушы әскери-патриоттық сынақтан өтті

    Алматы облысында «Qaisar» жобасы аясында 2 мыңға жуық оқушы әскери-патриоттық сынақтан өтті

    3 weeks ago
    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Көненің көзі, бүгіннің сөзі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>