Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің коменданттық ротасының сарбаздары Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» тарихи-мәдени кешеніне арнайы экскурсияға барды.
Мәдени-демалыс іс-шарасының негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың тарихи-мәдени танымын арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
Экскурсия барысында сарбаздар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, дәстүрі мен тұрмыс-салты туралы құнды мәліметтер алды. «Көшпенділер» қалашығындағы тарихи нысандарды аралап, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.
Іс-шара барысында сарбаздар үшін тарихи орындардың маңызы түсіндіріліп, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі, ұлттық өнері мен рухани құндылықтары туралы әңгімелер айтылды.
Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар әскери қызметшілердің рухани дүниесін байытып қана қоймай, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
Әскери қызмет пен тәрбиелік жұмысты қатар ұштастыру – сарбаздардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі.
6654 әскери бөлімінің баспасөз қызметі
