-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Нәсіп көзі – наубайхана

    10.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Нәсіп көзі – наубайхана
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Нан өнімі – күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерінің адамға ең қажеттісі. Дастарқанда нан болмаса, адамға ас батпайтыны да жасырын емес. Сондықтан халқымызда «Ас атасы – нан» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек.

    Осы уақытқа дейін нан өнімдерін дайындап, халықты қамтамасыз етіп жүрген Береке ауылдық округіндегі «Мадина» наубайханасы өз жұмысын жандандырып, кәсібін кеңейтуде. Нақтырақ айтар болсақ, аудан орталығынан қосымша наубайхана ашып, ол жерде күніне 700 бөлке мен нан өнімдерінің басқа да түрлерін дайындайды. Жаңадан ашылған наубайхана өз өнімдерін аудан орталығындағы азық-түлік дүкендеріне өткізіп, Бақанас ауылының тұрғындарын нанмен қамтамасыз етіп отыр.
    Ас атасын дайындауды тұрақты кәсіпке айналдырған «Мадина» наубай­ханасының иесі Гафур Дустматовпен сұхбаттасқанымызда, ол жаңадан ашылған зауытқа қажетті жабдықтарды қомақты қаражатқа сатып алғанын және Береке ауылында былтыр жұмысын бастаған наубайхананың тоқтатпай, әрмен қарай жүргізетінін айтты. Сонымен қатар ол кәсібінің кеңеюіне оң ықпалын тигізген аудан әкімдігіне және кәсіпкерлік бөліміне ризашылығын білдіріп, жаңа наубайханада бөлке наннан басқа тәтті тоқаш тәрізді нан өнімдерінің бірнеше түрін дайындап, аудан орталығындағы азық-түлік дүкендеріне жеткізіп, нан бағасын тұрақты ұстауды жоспарлап жүргенін де жасырмады.
    Әңгіме барысында наубайханашы болашақта кәсібін одан әрмен ұлғайтып, нан пісіруші және өнімдерді сауда орталықтарына тасымалдаушы, еден жуушы болып еңбек етемін деген адамдарды жұмысқа қабылдап, Бақанастан шалғай орналасқан ауыл тұрғындарын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
    Аудан көлемінде шағын кәсіпкерліктің дамуына өз үлесін қосып жүрген наубайхана иесі Бақанас ауылындағы сауда орталықтарынан басқа Бура ауылына және аудандық орталық ауруханаға, Бақанас арнаулы қызмет көрсету орталығына бөлке нан бағасын 160 теңгеден жеткізіп беруде.
    Кәсіпкердің айы оңынан туып, тасының өрге домалауына өз ісін шебер меңгерген осындағы нан пісірушілер Гүлнұр Қасымбаева мен Шакиржан Ташболатов сүбелі үлес қосып жүр. Олардың айтуынша, сапасы жоғары ұннан нан өнімдерінің кез келген түрін дайындап, оны дәмді етіп шығаруға болады.
    Наубайхана иесі жұмыс қарқыны артқан, қарбалас сәттерде қамыр илеу, оны қалыпқа салу, пештің қызу мөлшерін реттеп, піскен нанды шығару, дайын өнімдерді сауда орталықтарына тасымалдау жұмыстарын өзі атқарады.
    Іскер азамат нан дайындаудың қыр-сырын жетік меңгерген. Өйткені ол барлық нан өнімінің қоспасын дайындауды және оларды пешке салар алдындағы қызу мөлшерін, тағы басқа жұмыстар жайында өзіне қойылған сұрақтарға еш мүдірместен жауап берді.
    Нарық заманында бәсекелестерінен озық шығу үшін күн-түн демей, еңбектің көрігін қыздыру қажет-ақ. Бүгінгі әңгіме өзегіне айналып отырған наубайхана иесі сол үрдістен көрініп жүргені қуантады.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Дәрігерлер 850 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    Дәрігерлер 850 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    2 years ago
    Бәрі де балалар үшін

    Бәрі де балалар үшін

    11 months ago
    Аналардың үлгілі ісі

    Аналардың үлгілі ісі

    10 months ago
    Парыз бен Борышты арқалап

    Парыз бен Борышты арқалап

    9 months ago
    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>