-13 °c
Qonaev
Thursday, September 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Облыс әкімі Шерзат Полаттың өліміне қатысты сауалдарға жауап берді

    13.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Қылмыс
    Облыс әкімі Шерзат Полаттың өліміне қатысты сауалдарға жауап берді
    0
    SHARES
    45
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болат ісіне қатысты ақпарат берді.

    Елордада өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына журналистер марқұм Шерзаттың өлімін тергеу мен одан кейінгі оқиғаларға қатысты бірнеше сауал қойды.

    Тілшілердің алғашқы сауалы Шерзаттың ісі қалай қаралып жатқаны, полиция таратып жатқан ақпараттарға халықтың сенімсіздік танытып, марқұмның отбасына қолдау көрсетілмеді деген пікірдің қаншалықты растығы туралы болды.

    “Алдымен, Шерзаттың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Жалпы, бұл мәселе біздің назарымызда, құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда бұл іс Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Бұл ретте сабыр сақтап, құқық органдарының берген бағасына сүйенуіміз керек. Қазір бұл іс бойынша ашықтық толық қамтамасыз етілген. Ресми дереккөздерде, құқық органдарының парақшаларында барлық материал жарияланып отыр”, – деді Алматы облысының әкімі.

    Баспасөз мәжілісінде Шерзат отбасын баспанамен қамту, әулетіндегі кейбір отбасы мүшелерінің жауапқа тартылуы, депортация мәселесі де сөз болды. Бұл сұрақтарға облыс әкімі: “Талғар ауданында жағдай тұрақты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жаман емес. Облыста ғана емес, еліміз бойынша Талғар өңірінің әлеуеті жоғары. Тұрғындар саны 250 мыңнан асады. Жалпы, облыс бойынша қылмыс көрсеткіші азайып келеді. Депортация ісі, қылмыстың сипаты, құқықтық бағасы туралы тиісті жауапты органдар ақпарат ұсынуда. Ашықтық бар. Бұл бойынша желіде іске қатысы жоқ кез келген азамат өз пікір-ұстанымын жариялап жатыр. Бұл, әрине, хабары жоқ басқа да азаматтардың шынайы ақпарат алуына кедергісін тигізеді. Бауыржан Момышұлы атамыз “Тәртіпке бағынған құл болмайды” дегендей, тәртіпке бағынып, құқық органдарына жүгінуіміз керек”, – деді. Ал баспанамен қамту жайлы сұраққа облыс әкімі көмек көрсетілетінін, демеушілер де бұл орайда қолдау көрсетуге дайын екенін, қазіргі таңда құжаттары реттеліп жатқанын жеткізді.

    Ұсынымдар

    Қаламгер кабинеті ашылды

    Қаламгер кабинеті ашылды

    2 years ago
    Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

    Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

    2 years ago
    Жастарға сенім артылды

    Жастарға сенім артылды

    8 months ago
    “Ерекше” балалар лагерінің жазғы маусымы аяқталды

    “Ерекше” балалар лагерінің жазғы маусымы аяқталды

    1 year ago
    “Қазақстанның халық әртісі” атағын қайтару – мәдениетті қолдаудың белгісі

    “Қазақстанның халық әртісі” атағын қайтару – мәдениетті қолдаудың белгісі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>