-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасайлықтар қуанышы

    19.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Қарасайлықтар қуанышы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

     Тәуелсіздік мерекесі Қарасай ауданы жұртшылығы­ның мерейін асырған ерекше қуанышты жайтпен жалға­сын тапты. Бұл күні аудан әкімдігінде халықтың әлеуметтік осал топтарына баспана кілті табыс етілді.

    Салтанатты шарада Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жаңа баспана иелеріне ыстық ықыласын арнады.
    – Құрметті жаңа қоныс иелері және жиналған қауым! Бүгін ерекше маңызды әрі қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Қарасай ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтардың саны 8000-нан асады. Олардың 3 мыңға жуығы – әлеуметтік жағынан осал топ өкілдері. Аталған санаттағы отбасыларды қолдау мақсатындағы жұмыстар жалғасын тауып келеді. Соның бір дәлелі – бүгін бірқатар отбасының баспаналы болуы. Жаңа қоныстарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен молшылық болсын!
    Жыл басынан бері ауданда 48 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, өз шаңырағын көтерсе, осы күні тағы 16 отбасының көптен күткен арманы орындалды. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтың, әлеуметтік қолдаудың жарқын үлгісі десе жарасады. Қарасай ауданының тұрғындары үшін мұндай маңыз­ды оқиғалар болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Айтулы мерекеде осындай игі істің жүзеге асуы ел бірлігі мызғымайтынын тағы бір мәрте дәлелдей түсті.
    Пәтер кілтін алушы Айнұр Смағұлова: «Мен 10 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрдым. Бұл кезек өтпейтіндей көрінген еді. Енді, міне, биыл сәті түсіп, пәтер кілтін алып отырмын. Қуанышты сәтте алдымен мемлекетімізге, одан кейін аудан әкімі мен бізге көмек қолын ұсынған азаматтарға алғысым­ды білдіремін. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай қуанышқа кенеліп отырғаныма шексіз бақыттымын. Менің 5 балам бар, енді отбасымызбен өз үйімізде жайлы өмір сүретін боламыз», – деп ризашылығын білдірді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Таңғажайып симфония

    Таңғажайып симфония

    8 months ago
    Ұлағатты ана – ұрпаққа үлгі

    Ұлағатты ана – ұрпаққа үлгі

    1 year ago
    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    2 years ago
    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО наурыздағы мерекелерде қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Ай-хой, менің  өз үйім!

    Ай-хой, менің өз үйім!

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>